Тірнектеп жинаған ақшаларын сақтандыру компаниясына құйған мұнайшылар жер сипап қалды HD

23.08.2021
Жаңаөзенде бір топ мұнайшы сақтандыру компанияларына алданып қалғандарын айтып, наразылық шықты. Олар 2015 жылдан бері инвестициялық қорларға иланып, әрқайсымыз 13 миллион теңгеден ақша аудардық дейді. Бастапқыда компания өкілдері салымшыларды құйған қаражатты кез-келген уақытта шешіп алуға болады деп сендіріп келген көрінеді. Ақыры тірнектеп жинаған зейнетақы қорындағы теңгемізді кері қайтара алмай қалдық дейді салымшылар. «Халықтың қаражаты өздеріне қайтарылсын!» деген плакаттарын алып Жаңаөзен әкімдігінің алдына жиналғандар 2015 жылдан бері «Грандес лайф», «Евразия», «Номад лайф» «Фридом финанс», «Халық лайф» және «Стандарт лайф» сақтандыру компанияларына әрқайсысы кем дегенде 13 миллион теңгеден аударғандарын айтады. Сөздерінше, компания өкілдері жиналған қаражатты 2 жылдан кейін үй алуға немесе басқа да мақсаттар үшін толық шешіп алуға болады деп уәде берген. Бірақ, зейнетақы қорындағы қаражатты халық игілігіне пайдалануға болады деген заң шыққаннан кейін сақтандыру компаниялары сөзінен тайқып кетті дейді. Алғашқы келісім-шарт бойынша әр салымшы салған ақшасына байланысты ай сайын 30 бен 50 мың теңге арасында төлем алып отырғандарын айтады. Ал ол қаражатты компания кейбіріне 96, кейбіріне 120 жасқа дейін есептеп қойған дейді. ЗӘУРЕШ ШЕКЕНОВА, салымшы: – Неге халықты олай алдайды? Даже самая страховая компания. Ар жағында отырғандар да басшылар ғой, олай істеуге болмайды ғой. Мен неше жыл бойы. 83-жылдан бері жұмыс жасаймын. Ол өзімнің маңдай терім. ТӨЛЕП ОТАР, салымшы: – Сонда біздің ақшамыздан қомақты пайда көріп отыр ғой оборотқа жіберіп. Неге бізге үлес бермейді? Олар біздің ақшамызды азайтып отыр. Сосын өлген адамдардың ақшасын, жерлеу рәсіміне деп 330 мың теңге ақша береді. 6 айға дейін 30 мың-35 мың теңгеден береді. Содан кейін «кешір мені» жоқ дейді. Қазіргі уақытта 572 салымшы барлығы 8 миллиардтан астам қаражатты қайтаруды талап етіп отыр. Ал сақтандыру компанияларының өкілдері түрлі сылтаумен сұхбат беруді кейінге шегерді. Ал Жаңаөзен қаласының әкімдігі бұл істі бақылауымызда ұстап отырмыз деді. НҰРБЕРГЕН КҮДЕБАЕВ, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары: – Енді ала алмайды. Себебі закон басқа. О страховой деятельности закон жүреді. Өздерінің договорында ең соңғы пунктында айтылған мәселелер бірінші вне судебном порядке шешілу керек. Немесе судебный порядкада шешілу тиіс. Олар өз құқығын пайдаланып сот арқылы шешу керек. Себебі бұл екі арадағы дау. Салымшылар өздері салған қаражаттың қазір қайда екенін және қанша қалғанын да білмейміз дейді. «Маңдай термен тапқан қаражатымызды зейнетақы қорына кері қайтарсын» деген талап қойып отыр. Махаббат Нұржанқызы, Сәбит Амангелдіұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #инвестиция

Похожие видео

Показать еще