Зейнетақы қорынан ақша шешу: ол үшін қайда тіркеліп, не істеу керек? HD

28.12.2020
Келер жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшаны қажеттілігіне қарай жұмсай алатын болды. Құжат парламентте бекітіліп президентке қол қоюға жіберілді. Ал уәкілетті орган ретінде «Отбасы банк» бекітілді. Оған қоса, азаматтар зейнетақы қорында жиналған ақшаларының бір бөлігін жақын туыстарының қажеттілігіне де бере алады. Қазақстандықтар 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының шекті мөлшерінен аспайтын бөлігін үй немесе жер учаскесін сатып алып, баспанасын үлкейту үшін, жөндеу жұмыстарын жүргізіп немесе ипотекалық несиені жабу үшін ала алады. Ал бұған дейін Үкімет азаматтардың жас мөлшеріне қарай берілетін шекті соманы да есептеп қойған болатын. Мысалға 30 жастағы азаматтар шотынан екі жарым миллион теңге алуына болады. Бірақ ол үшін оның зейнетақы шотындағы ақша 5 миллион болуы тиіс. ЖАНАТ ҚҰРМАНОВ, БЖЗҚ АҚ Басқарма төрағасы: – Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін алар кезде жеке табыс салығы алынатынын есепке алу керек. Қаражат уәкілетті оператордың шотына аударылған соң инвестициялық басқарудан да шығады. Сондай-ақ жинақталған сома зейнетақы қорынан шыққан соң мемлекеттік кепілдік те алынып тасталады. Ал азаматтар ақшаға қол жеткізу үшін уәкілетті оператор ретінде белгіленген «Отбасы банкінің» сайтына тіркеліп, жеке кабинет ашуы керек. Кейін бір жолғы төлемдердің қандай мақсатта және қанша сомасы қажет екендігі туралы өтінішті толтырып, оны электронды цифрлы қолтаңба арқылы куәландырады. Өтінім түскен соң 5 күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қажет қаражатты уәкілетті органның шотына, ал уәкілетті орган өтінім жасаған адамның шотына жібереді ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы: – Бағдарлама ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылатын болады. Мысалға сіз 2021 жылы жақсы жұмыс істеп, жоғары жалақы алатын болсаңыз, зейнетақы салымдары да жоғары болады. Ал шекті сома биылғыдан жоғары болады. Егер қордағы ақшам жеткілікті болса, мен тағы ала аламын. 22 жылы мүмкін мен оны денсаулығымды жақсартуға жұмсайтын шығармын. Сондай-ақ қазақстандықтар жинақтың бір бөлігін сирек кездесетін ауруларды емдеуге, қымбат дәрілерді сатып алуға, шетелде диагностикалық тексеруден өтуге, жүре келе пайда болған тыртықтарды жою үшін платстикалық операцияға, медициналық оңалтуға, көзге жасалатын қымбат операцияға да жұмсай алады. Одан бөлек, қаржылық компанияларға жинағыңызды басқаруға да бере аласыз. «Отбасы банк» басшысының айтуынша, қаражат шотқа келіп түскен соң 45 күннің ішінде қажет құжаттар жинап үлгермесеңіз, ақша бірыңғай зейнетақы қорына қайтарылады. Шотта тұрған ақшаға мемлекет кепіл болмайды, бірақ банк алдында қарызы бар немесе жеке сот орындаушылары «Отбасы банк» шотындағы қаражатқа тиісе алмайды. Гүлназ Сайлауқызы, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - ht

Похожие видео

Показать еще