Зейнетақы туралы заңға өзгеріс енді HD
Елбасы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Жаңа құжатқа сай, енді базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі өзгереді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, ол еңбек өтіліне немесе зейнетақы жүйесіне қанша уақыт қатысқанына байланысты анықталады. Мысалы, жұмыс өтілі 10 жылға дейінгілерге ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы, ал 35 жыл зейнетақы салымдарын жинағандар 100 пайыз, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінде базалық зейнетақы алады. Бұған қоса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс беруші қазіргі он пайыздан бөлек, бес пайыз зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеледі. Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму вице-министрі -10 пайыз зейнетақы жарнасы бұрынғысынша төленеді. Бұл салымдарды мұраға қалдыруға болады. Ал 5 пайыздық зейнетақы төлемдері азаматтардың меншігі болып табылмайды. Сондықтан мирас етіп қалдырылмайды. Өйткені қаржыны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс беруші аударып отырады.