Елімізде зейнетақы қорына жиналған активтер 10 банкке депозит ретінде салынады HD

28.07.2015
2015 жылдың бірінші жартысында біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорының таза кірісі 141 млрд теңгені еңсерді. Ал қордағы жалпы қаржы мөлшері - 4 тлрн 926 млрд теңге. Жинақталған активтер құнын жоғалтпас үшін екінші деңгейлі банктер мен құнды қағаздарға инвестицияланады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірісі жыл басынан бері 3,04 пайыз болды. Бұл инфляциядан екі есеге жоғары көрсеткіш. Ал инфляция 1,4 пайыз шамасында. Жыл аяғына дейін зейнетақы активтерінің табысын 7 пайызға жеткізу жоспарланған. Биыл зейнетақы жинақтарының 50 пайызы құнды қағаздарға салынды. Олардың жылдық табысы 6 айда 8,3 пайыз болған. Жинақтардың қалған бөлігі екінші деңгейлі банктерге инвестицияланды. Руслан Ерденаев, «БЖЗҚ»АҚ Басқарма төрағасы -600 млрд теңгеден астам қаржы банктерге депозит ретінде салынды. Ал қаржы құрылымдары осы қаражат есебінен ел экономикасын қолдауға несие береді. Зейнетақы жинақтары инвестицияланатын банктердің тиімділігі мен сапасы талапқа сай болуы шарт. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы 10 банкке депозит ретінде салынады. Соның есебінен халық қаржысының құнсыздануына жол берілмейді. Қазақстандықтар кез келген уақытта қорға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мүмкін болған жағдайда ғаламтор арқылы зейнетақы жинақтарының мөлшері мен табыстылығына қатысты ақпаратты білуге құқылы. Зейнетақы төлеу жүйесінде де үлкен өзгерістер. 2017 жылдың 1-шілдесінен 10 жыл жұмыс істеген азаматтың базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайды. Ал еңбек өтілі 20 жылдан асқан азаматтың базалық зейнетақысы 70 пайызына, 35 жыл еңбек еткендердікі 100 пайызына тең болады. 21 мың 364 теңге – қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейі. Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі -Екінші жаңалық, жұмыс берушінің есебінен төленетін міндетті зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан әрбір қызметкерге жұмыс берушi тарапынан 5%-дық зейнетақы жарнасы төленетін болады. Сондай-ақ бала тәрбиесімен үйде отырған әйелдерге әрбір нәресте үшін 3 жыл еңбек өтілі қосылады. Және бұл көрсеткіш 12 жылдан аспауы тиіс. Ал 5 бала тәрбиелеген ананың 53 жасында зейнеткерлік демалысқа шығуына болады. Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Алау Махамбет, Қанат Әбілдин

Похожие видео

Показать еще