«Қозғал, Қазақстан!». Елімізде спортпен шұғылданатын зейнеткерлер саны екі есеге көбейген HD
Елде спортпен шұғылданатын зейнеткерлер саны екі есеге көбейген. Жаттықтырушылар егде жастағылардың көбі суда жүзу спортын таңдайтынын айтады. Себебі су жанға да, тәнге де таптырмас шипа. Қазақстанда 65 жастан асқан 1 жарым миллионға жуық қария бар. Әйтсе де әзірге олардың тек отыз пайызы ғана спортпен айналысады екен. Бүгінгі 31 арнаның «Қозғал, Қазақстан!» жобасы белсенді зейнеткерлер жайында. БИБІГҮЛ РАҚЫМОВА зейнеткер – Өмір бойы жұмыс істеп, спортпен айналысуға уақытым болмады. Зейнетке шыққан соң суда жүзумен айналыса бастадым. Спортпен шұғылдана бастағаннан бері өмірге деген көзқарасым өзгерді. Жаттығып жүргеніме аз ғана уақыт болса да, сайыстарға қатысуға ниетім бар. Лариса Седунова отыз жыл бойы спорттың әр түрімен зейнеткерлерді жаттықтырып келеді. Айтуынша, қазір салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатын қариялар екі есе көбейген. 65 жастан бастап, тіпті 90-дағы зейнеткерлерге дейін қалыс қалмайды. Алайда, жаттықтырушы бұл жастағы қарияларға ауыр темір көтеріп, денеге 3 келіден артық салмақ салмауға кеңес береді. ЛАРИСА СЕДУНОВА, жаттықтырушы: – Қариялардың көбінде буын аурулары бар. Арқада тұз жиналады. Оларға суда жүзуге кеңес беремін. Судағы қозғалыс иммунитетті көтереді. Өмірге деген құштарлықты арттырады. Елде 65 жастан асқан - 1 миллион 475 021 адам бар. Олардың 946 514 әйел, ал қалған 528 507 ер адам. Графика 2: Мамандар бұл қарияларға спорттың бес түрімен айналысуға кеңес береді. Суда жүзу, скандинавиялық жүріс, гимнастика, велоспорт, дойбы және шахмат. Әлемді аузына қаратқан американдық спортшы Уильям Белл тоқсан жасында 2 метр 18 см биіктікте таяқпен секірген. Эрнестине Шеперд 84 жаста бодибилдинпен айналысып, тамаша нәтижелер көрсетіп жүр. Ал Йоханна Кваас гимнастикаға 50 жасында келген. Қазір 95-ке келген қария 11 чемпионаттан жүлделі орын алған. Ал үнділік Фауджа Сингх 104 жасында мумбайлық марафонға қатысқан. Ендеше армандарды жүзеге асыру ешқашан кеш емес. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ҚозғалҚазақстан #спорт #зейнеткерлер