Сәбіз қаншадан? Жаз жақындаса да, көкөніс өнімдерінің арзандайтын түрі жоқ HD

20.05.2022
Жаз жақындаса да, елімізде көкөніс өнімдерінің арзандайтын түрі жоқ. Әсіресе Ресеймен шекаралас солтүстік аймақтарда қияр мен қызанақтың бағасы шарықтап тұр. Өзіміздің оңтүстіктен жеткізілетін өнім түгілі, жергілікті жылыжайларда өсірілетін көкөністердің бағасы удай. Ал әдетте келісі 200 теңгеден аспайтын қырыққабат пен сәбіз екі есеге қымбаттаған. Мұның барлығы маусымдық қымбатшылық деген Үкімет даурығатын дәнеңе жоқ дейді. Орталық Азия елдерінен жаңа өнімдер пісіп, жеткізілген соң, баға түсе бастайды деп сендіріп отыр олар. (())Өңірлердегі әріптестерім жалғастырса... ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші: – Ақтөбеде көкөніс бағасы жылдағыдан қымбат. Әсіресе картоп пен сәбіз, қырыққабаттың бағасы айналдырған бір аптаның ішінде екі есеге өскен. Тіпті әкімдіктегілер құнын бақылап отыратын коммуналдық базардың өзінде қазір картоптың бір келісі 300 теңгеден, ал сәбіз 350 теңгеден сатылып жатыр. Саудагерлер көтерме саудамен айналысатындар бағаны күннен күнге қосып жатқанын айтады. Амал жоқ оның үстіне біз де 20-30 теңге қосып сатамыз дейді. Ал тұрғындар күнделікті тамаққа қосатын картоп, сәбіз және пияз сияқты көкөністің бағасын биліктегілер қатаң бақылап, құнын шарықтатқандарға шара қолданса дейді. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: – Еліміздің солтүстігінде көкөністің бағасы түспей тұр. Әсіресе бізде өсетін қияр мен қызанақ жылдағыдан әлдеқайда қымбат. Мәселен, Сарыағаштан жеткізілетін қызанақтардың бір келісі 800 теңгенің төңірегінде, Өзбекстанның өнімдері 1000 теңгеден асып жығылады. Тіпті, билік жар салып, жарнамалаған көкөніс шығаратын жергілікті жылыжайлардан да пайда болмай тұр. Ал солтүстіктің қиярын алғыңыз келсе, бір келісіне 700 теңге төлеуіңіз керек. ТАМАРА ТУМАНОВА, тұрғын: – Арзанырақ қызанақты алайын десең дәмі де жоқ. Сондықтан қымбатын алуға тура келеді. Ал ол 1000-1500 теңгеге дейін барады. Оны көптің қалтасы көтермейді. ВЕРА ВЕРДАХЛЕВОВА, тұрғын: – Көкөністердің бағасы осы кезде түсе бастаушы еді. Биыл сол қалпы. Өзіміздің жылыжайларда өскен болса да қымбат. Неге олай екенін ешкім білмейді. Солтүстікте биыл қырыққабат пен сәбіз де қымбат. Базарларда бұл өнімдердің келісі 300 теңгеден басталып 400 теңгеге дейін барады. Ал үйдің маңындағы шағын дүкендерде одан да жоғары. Сатушылар қымбатшылықты көкөністің аз жеткізілуімен түсіндіреді. ДИАНА САПАРҚЫЗЫ, тілші: Солтүстікпен салыстырғанда, Қарағандыда қияр мен қызанақтың бағасы әлдеқайда арзандады. Өткен айда қияр 1000 теңгенің айналасында сатылса, қазір келісін 500 теңгеге алуға болады. Бірақ облыста картоп пен сәбіз қымбаттаған. Мысалы, бір ай бұрын базарда картоптың бағасы 230 теңге болса, қазір 280 теңге тұрады. Сол сияқты сәбіздің келісі 250 теңгеден 300 теңгеге дейін көтерілген. Ауылшаруашылық министрлігі жыл сайын көктемде елде көкөністің қымбаттауын маусымдық мерзіммен түсіндіреді. Яғни Орталық Азия, Иран, Пәкістан, Ресей, Египет елдерінен жаңа өнімдер тек жазға қарай бірақ импорттала бастайды. Ал әзірге сырттан өнім келгенше, жеміс-жидек пен көкөністің барлығы өңірлерге жоғары бағаға саудаланып

Похожие видео

Показать еще