Ковидті жұқтырғандар ғана емес, көз жұмғандар саны еселеп артып жатыр HD

26.07.2021
Пандемиямен күресіп жүргенімізге 1 жарым жылдан асса да, ковидтің тоқтайтын түрі жоқ. Қазіргі эпид ахуал былтыр жаздағы жаппай вирус жұқтыру көрсеткішінен екі есе асып түсті. Тәулігіне 6 мыңнан астам азаматтан вирус анықталып, бір күнде 90 адам осы індеттен қайтыс болды. Ал аурухана алдында жақындарының жағдайын білуге келгендер ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. ӘЙГЕРІМ ЕРДӘУЛЕТ, тілші: – Ас-ауқатты беру үшін кезекте тұрған кейбір алматылықтар, жақындарымыздың жағдайын 15 тәуліктеп біле алмай жүрміз дейді. Аурухана сайтында көрсетілген телефон нөмірі арқылы кері байланыс орнату мүмкін емес екенін айтады. Енді олар тым құрығанда жансақтау бөлімінде жатқандардың жағдайын жазбаша түрде талап етеміз дейді. Дәл осы ауруханаға түскен науқаспен контактіде болған бір үйдің адамдары апталап птр-тесттің нәтижесін күттік дейді. Мобильді топ теріс нәтиже шығатын болса, онда сынама қорытындысы асықпай жеткізіледі деп түсіндіріпті. Ал жердел-жәрдем мамандары, өкпесінің 50 пайызынан астамы қабынғандарды ғана ауруханаға әкете аламыз деп айтады екен. Ауруханадағы 10 бөлімше мен екі жансақтау бөлімі пациенттерге толы деген дәрігерлер, "дельта" штаммы өшіп тұрғанда ас-ауқатты бей-берекет таси берудің қажеті жоқ екенін айтады. Ал науқастардың ахуалын жазбаша түрде тақтайшаға ілуге құқықыз жоқ деп отыр. ОСМАН КАДЫРОВ, орталық қалалық клиникалық аурухананың бөлім жетекшісі: – Ауруханада қазір 670 төсек-орын бар болса, шамамен сонша науқас жатыр. Адамдардың буындары ауырып, іштері өтіп, әлсіреп түсіп жатыр. 1 науқасқа күніне кейде 5 адам келеді. 24 сағат үздіксіз телефонға телміріп отыратын маман жоқ, дәрігерлердің өз жұмысы жетіп артылады. Алматыдағы ауруханаларда төсек-орынның тең жартысы толып, қазір 4 мыңға жуық науқас ковидпен күресуде. Ал бұл Нұр-Сұлтандағы ахуал. Дәрігерлер, стационарлардың 83 пайызы толып кетті деп дабыл қағып отыр. Дәрігерлер, реанимацияға түскендердің 99 пайызы вакцина салдырмағандар болып шыққанын айтады. Әйгерім Ердәулет, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ковид #Дельта #эпид_жағдай

Похожие видео

Показать еще