Ақша бар ма алуға? Биліктегілер көмір бағасының 30 пайызға қымбаттайтынын растады HD

19.08.2022
Елімізде жыл соңына қарай көмір бағасы 30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды басқа емес, Энергетика министрлігі өкілдерінің өздері айтып отыр. Сондықтан, шенеуніктер халықты қазірден бастап көмір сатып алып, қысқа қамдануға шақыруда. Әйтпесе күн күрт суытып, қатты отынға сұраныс көбейген кезде алыпсатарлар бағаны аспандатып жіберуі мүмкін дейді. Әйтсе де, тұрғындар қысқа осы бастан қамданатындай жағдай барлық жерде жасалып жатқан жоқ деп отыр.Әсіресе солтүстікте жаздың ортасынан бастап көмір тапшы. Ал өзге өңірлердегі жағдай қалай? Әріптестерім баяндаса. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, Тілші: – Еліміздің солтүстігінде көмірге кезек шілдеде басталған. Қыс ерте түсіп, жылыту маусымы ерте басталатын аймақ тұрғындары көмір сататын орындарды ала таңнан бастап күзетеді. Өйткені, аптасына небәрі 1-2 рет жеткізілетін үш вагон көмір бәріне бірдей жетпейді. АЛЕКСЕЙ СЛУЦКИХ, Петропавл қаласының тұрғыны: – Тұрғындар таңғы алтыдан барып, бір-екі сағатта таласып жүріп алып кетеді. Қалғандары үйлеріне бос қайтады. АЛЛА ЛЯПИНА, Петропавл қаласының тұрғыны: – Көмірдің тоннасы қазірдің өзінде 500 теңгеге қымбаттап кеткен. Қаражыраның бір тоннасы 15 мың 500 теңге еді, қазір 16 мыңнан сатып жатыр. Ал күзде тіпті 17 мың теңге болады дейді. Бірақ көмір алатын ақша жоқ. Былтырғы көмір тапшылығы биыл да қайталана ма деген тұрғындар, Үкімет пен билік көмір тасымалын жедел реттесе дейді. Әйтпесе, қыс басталғанда тағы қатты отын жетпейді деп алаңдаулы. Өйткені, жылыту маусымының басталуына шамамен 40 күндей уақыт қана қалса да, өңір халқының тең жартысы әлі қысқа қамданып үлгермеген. Қыста көмір қоры болмай, қарапайым халық қатты отын үшін жаға жыртысуға дейін баратын Жетісу облысында әзірге көмірге кезек жоқ. Бірақ, әкімдіктегілердің өзі тұрғындарды қысқа ерте қамдануға шақырып отыр. Себебі, күн күрт суытқанда кезек көбейіп, көмірге талас туындайды дейді. Оның үстіне отынның бағасы да қымбаттап келеді. Мәселен, былтыр көмірдің бір тоннасы 14 500 теңге болса, биылғы 14 800 теңгеге сатылып жатыр. ӘСЕТ МАСАБАЕВ, Талдықорған қаласының әкімі: – Көмірге талас алдыңғы жылы білесіздер қалай болғанын. Бірден келген легке оның шамасы жетпей қалды. Осыған байланысты сол жағдайды қайталандырмау мақсатында қазірден бастап көмірді қысты қамы жазда дейді ғой,жазда қамдануларыңызды сұраймыз. Бірінші мамырдан бастап көмір келіп жатыр. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, алдағы қысқа өңірге 487 мың тонна көмір қажет. Ал облыста 120 мың тонна отын қазірдің өзінде сатылып кеткен. Әзірге қоймаларда 21 мың тонна ғана көмір бар. ДИАНА САПАРҚЫЗЫ, Тілші: – Ал Индустрия министрлігінің мәліметінше алдағы жылыту маусымына дайындық наурыз айында басталып кеткен. Ведомства 2023 жылға дейін көмір қорын алдын ала дайындау бойынша "Жол картасын" әзірлегендерін айтады. Бірақ, әкімдіктер тарапынан халықты көмірмен алдын ала қамтамасыз ету жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр дейді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға көмір қорын дайындау жұмыстарын аяқтау мен көмір бағасының заңсыз өсуіне қатысты

Похожие видео

Показать еще