Шөпті талғамай кеміретін құрт Ақтөбенің алқаптарын шабуылдап жатыр HD

27.07.2021
Ақтөбе облысында шөп талғамай кеміретін құрт қаптап кетті. Қазір содан облыстың төрт бірдей ауданындағы егістік алқаптары зиян шегіп жатыр. Зиянкестер шабындықтағы шөптен бастап, өсіп тұрған көкөністің түгін қалдырмай жеп тастаған. Шаруалар қаптаған құртты улауға шамамыз жетпейді дейді. Сондықтан, биліктегілер дереу жәрдем бермесе, онсыз да қуаңшылық уақытта малға азық болатын шөп те қалмайды деп дабыл қағып отыр. Ал шенеуніктер болса былтырдан бері мұндай "шалғын көбелектер" улауға міндетті зиянкестердің қатарынан алынып тасталғанын айтады. Шаруалар осыдан үш-төрт күн бұрын мына алқапта ақ көбелектер қаптап кеткенін айтады. Артынша бір күннен кейін ол құртқа айналып, жайқалып өсіп тұрған жасыл желекті жаппай жеуге кірісіпті. Бұрын-соңды мұндайды көрмедік деген шаруалар зиянкестің шөп талғамай кеміретінін айтады. БАТЫРБЕК ШӘУЛЕНОВ, шаруа қожалығының басшысы: – Бұл құрттың несі қарап отырсаң ол жерде жусан болсын, шөп болсын, жаппай жағалай жеп келе жатқандығы туралы бізге үлкен қиындық келтіріп отыр. Ол биылғы жылы қуаңшылық заманда, шөп жоқ уақытта басқа да өністер жоқ уақытта мынау деген подряд бүкіл огородымыздың бәрін құртып, бізге шығынға келтіріп жатыр. Шаруалар иненің көлеміндей ұсақ құрттар шабындықтағы шөптен бөлек, көкөністің де түгін қалдырмай жатқанын айтады. Бірер күнде пісіп, теріп аламыз деп отырған қарбыз, қауындарға дейін жеп кеткен. Енді олар улауға әл бермейтін құрттардың көзін жоюға жергілікті биліктен көмек сұрайды. ЕРБОЛАТ ЖЕТКЕРГЕНҰЛЫ, шаруа: – Біз өзіміздің қолымыздан келгенше қолмен улап жатырмыз. Оған бесполезно. Бұны енді далалықтың бәрін шөп-шаламның бәрінде бар. Общий уламаса әл бермейді қолға. Қазір мұндай зиянкестер облыстағы Қарғалы, Алға, Мәртөк және Әйтеке би аудандарының аумағына тарап кеткен. Алайда шенеуніктер былтыр ғана ауылшаруашылығы министрлігіндегілер шалғын көбелек құртын улауға міндетті зиянкестер қатарынан алып тастағанын айтады. Сондықтан шегірткеден өзгесін улауға құқығымыз жоқ деп отыр. Тек шаруаларға химиялық заттарға кеткен шығынның жартысын ғана өтей аламыз дейді. АСЫЛХАН ӘБТИЕВ, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары – Луговой мателек дейді ғой. Былтыр қолданыстағы ережеге өзгеріс енгізіліп, бұл зиянкес тізімінен алынып тасталды. Жалпы бұл құрттар бойынша ауыл шаруашылық құрылымдары улау керек. Сол уланғаннан кейін мемлекет тарапынан бұларға елу пайызға дейін субсидия беріледі. Шаруалардың айтуынша, шалғын көбелек құрты нөсерлі жауыннан кейінгі аптап ыстықта пайда болады екен. Алайда дер кезінде улап құтылмаса, ертең далада малға беретін шөп те қалмайтын түрі бар. Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #шалғын_көбеле

Похожие видео

Показать еще