Уәде түгілі әлі төбе көрсеткен жоқ! Тасқыннан зардап шеккен ақтөбеліктерге шенділерге ашулы HD
Ақтөбеде көктемгі тасқын кезінде үйлерін су басқан тұрғындар шененуіктерге ашулы. "Шиеттей бала-шағамызбен далада қалдық" деген олар, бір жарым айдан бері әкімдік өкілдерінің көрсетеміз деген не моральдық, не материалдық қолдауы болмады дейді. Айтуларынша, шенеуніктер жатақханаға орналастырып, балаларына мектепке қатынау үшін арнайы автобус береміз деген. Ал өздеріне үйлерін жөндеуге ақша бөлеміз деп уәде етіпті. Алайда, шенеуніктер үйіп-төккен уәделерін орындамақ түгілі, сол күйі төбе көрсетпеді дейді жиналғандар. Бастарындағы жалғыз баспанасы суға кетіп, далада қалған бұл тұрғындар бір жарым айдан бері әкімдікті жағалап жүргендерін айтады. Сөздерінше жауаптылар осы күнге дейін бастарына іс түскен қара халыққа көмек бермек түгілі, шығындарын да әлі есептеп бітірмеген. Далада қалған тұрғындардың бірі қазір әкімдік уақытша берген жатақханада тұрып жатса, енді бірі пәтер, туыс жағалап кеткендерін айтады. АҚБОТА ОРАЗОВА, тұрғын: – Қай уақытқа дейін күтеміз? Екі ай болды қаңғып жүргенімізге. Үйіміз бар, бірақ бара алмаймыз. Қазақстан көктеп жатыр дейді. Қазақстан емес, біздің үй көктеп жатқан. Вообще ешнәрсе шешілмеген. Екі ай бойы ана жерге апарып бізді тығып жатқызып тастады. Екі ай болды жатқанымызға. Осы күнге дейін шыдаммен күттік. ЖӘМИЛА АЙТҚАЛИЕВА, тұрғын: – Потоп болғалы әкімді көрген адам емеспіз. Оразалинді вообще көрген жоқпыз. Халықпен бір кездескенін көрген жоқпыз. Әкімнің халықпен шаруасы жоқ. Бәрі кетті суға. Біз техниканы айтып жатқан жоқпыз. Бізге строй материал керек. Бағасы шаш жеткізбей жатыр. "Шенеуніктердің үйіп-төккен уәдесін күтіп төзіміміз таусылды" деген тұрғындар әкімдікке осымен бір емес, үшінші рет келіп тұрғандарын айтады. Ал әкімдіктегілер су тасқынынан кейін екі ауданда құрылған комиссия сәуірдің сегізінен бері шығынды жан-жақты есептеп жатыр дейді. Қазір суға кеткен 137 үйдің 99-на ғана бағалау құжаты дайындалыпты. АСХАТ ШАХАРОВ, Ақтөбе қаласының әкімі: – 99-на қазір 116 миллион теңгеге біз құжат дайындап болдық. 16 үйге осы аптаның аяғына дейін бітіреміз. Және 22 үйдің құжаты жоқ. Оған байланысты біз төлей алмаймыз. Қазір сол құжаттарын ретке келтірсе қарастыратын боламыз. Дегенмен, жауаптылардың сылбыр қимылынан шаршаған тұрғындардың тілегі бір. Комиссия шығынымызды әділ әрі тез есептеп, үйімізге оралсақ дейді. Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #CуТасқыны #Ақтөбе #өтемақы
Похожие видео
Показать еще