Бес ай үйқамақта отырып, сақал шашы ағарған Біртанов сотта ақталып шығуы мүмкін бе? HD

21.04.2021
Бүгін әлеуметтік желіде экс-министр Елжан Біртановтың шашы ағарып, сақал мұрты өсіп кеткен осы фотосуреті жаппай таралды. Қарашадан бері үй қамақта отырған Біртановтың расында жүзі қуарған сияқты. Ол бүгін осы кескінімен сот отырысына онлайн қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева "Біртановқа енді жұмысқа шығуға болатынын, өзге адамдармен сөйлесуіне рұқсат екенін" мәлімдеді. Қарашаның алтысынан бері Елжан Біртанов 5 баласы мен жұбайы, анасы, қорғаушысынан өзге ешкіммен кездеспей, үй қамақта отырды. Бүгін прокурорлар "сәуірдің соңында үй қамақ мерзімі аяқталады, одан кейін Біртанов бостандықта жүретін болса тергеуге қысым көрсетуі мүмкін" деп, үй қамақ мерзімін мамырдың соңына дейін ұзартуды судьядан сұрады. Ал, экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко "Біртановтың қылмыстық іске еш қатысы жоқтығын дәлелдейтін айғақтарды тергеушіге де сотқа да өткіздік, сонда да айыптауды тоқтатпай отыр" дейді. ДМИТРИЙ КУРЯЧЕНКО, Елжан Біртановтың қорғаушысы: – Неге денсаулық сақтау министрлігі әлі күнге шетелдік компанияның өкілдерімен байланыспаған? Эриксон Никола Тесланың сайтында "Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы платформаның заңды түрде жұмыс істеп тұрғанын, оған компания кепілдік беретіні" жарияланған. Ал, Біртанов ешқандай келісімшартқа, банктік іс-қағаздарға қол қоймаған. Мұны ешкім ескеріп отырған жоқ! Бүгінгі сот отырысында Біртанов: "бостандықта жүрсем, эпидемиямен күресуде қоғамға көбірек пайдамды тигізер едім" деп мәлімдеді. Түстен кейін судья үй қамақ мерзімі мамырдың 14-іне дейін ұзарғанын, экс-министрдің таңғы сегізден кешкі жетіге дейін жұмысқа барып келуіне, туыстарымен сөйлесуіне болатындығын айтты. Бірақ, тағылған айып күшін жоймайды, Біртанов күдікті ретінде қалады, оны әлі де тергейді. АҚМАРАЛ ИСАЕВА, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы: – Срок до судебного расследование до 12 месяцев истекает 14 мая 2021 года. Суд считает удовлетворение ходатайство подозреваемого от частичного запрете выхода из жилище удовлетворить. Судьяның қаулысын естіген экс-министр бір емес, бірнеше рет судьядан "туыстарымнан өзге, таңғы сегізден кешкі жетіге дейінгі аралықта кімдермен кездесіп, сөйлесуіме болады" деп сұрағанымен, нақты жауап ала алмады. 0ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР Бұрынғы денсаулық сақтау министрі: – Если вы меня разрешаете с 8 до 19 работать, я полагаю то есть запреты снимаются да? Но я как могу работать не с кем не общаясь? Біртановтың қорғаушысы да бұл сұраққа нақты жауап ала алмадық деп отыр. Оның айтуынша таңғы сегізден кешкі жетіге дейін экс-шенеунік кез-келген азаматпен сөйлесуге құқылы. Осылайша, 14 мамырға дейін Елжан Біртанов өзі айтқандай "мемлекетке пайдасын тигізу үшін" еңбек етпек. Бірақ, әзірге нақты қандай мекемеге жұмысқа баратыны белгісіз. АЙБАР ТӨЛЖАНҰЛЫ, Тілші: – Осыған дейін адвокаты "Біртановтың денсаулығы нашарлағанын, тіпті шаштаразға да шығуына рұқсат жоқтығын" айтқан еді. Енді оған туыстарынан да өзге азаматтармен сөйлесуге бол

Похожие видео

Показать еще