МАСҚАРА! ТОҚАЕВ МИНИСТРДЫ ҚУЫП ШЫҚТЫ — ҚАЗАҚ ТІЛІН АЯМАЙ ҚОРЛАДЫ! HD
Бәріңізге ассалаумағалейкум Қазақша қойылған сауалға, қазақша жауап бере алмаған түрі қазақ, тілі мазақ, қырт басшы елдің ашуын туғызды. Мемлекеттік тілді меңгере алмаған шенділерге қашан жазаны шегендейміз? Тоқаев не үшін орыс тілінің ұйымын құрайық деп ағынан жарылды? Кремльдегі кәрі қожайынның айтқанынан шыға алмаған Орта Азияның аянышты хәлін кім айтады? Қазақ тілінің көсегесі қашан көгереді? Бұл туралы көкейтесті ақпараттарды сізге Көрген дұрыс Патша көңілді көрермендер. Бар болғаны 15 секундыңызды қиып, видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасында шыққан кішкентай ғана қоңыраушаны түрте кетіңіздерші. Сіздердің бізге көрсеткен қолдауларыңыз, зор шабыт пен еңбегіміздің жемісі болып табылмақ. Кеттік ендеше! Әлеуметтік желіде Қазақстан спорт қауымдастығы атынан сөйлеген азаматтың қазақша қойылған сұрақты түсінбей, журналисті “брат” деп атап, өзіне орысша сұрақ қоюын талап еткен видеосы тарап жатыр. Бұл жайлы “Адырна” ұлттық порталы жазды. Оқиға жайлы желі қолданушысы Дастан Мырза хабарлады. Автор өз жазбасында шағын сұхбатты талдап, оқырмандарға ой салды: “Қазақстан спорт қауымдастығынанбыз деп қояды. Кішкене ғана бейнеден не байқадыңыз? 1. Қазақ тілін өмірінде керек етпегені құрысын нөл білмейтіндігі. Ең азы адамда генетикалық жады деген болмай ма? Жоқ дегенде Қарағұсоваға ұқсап бір-екі ауыз сөзді былдырлатып, бірдеңе десе де болар еді ғой. Мынаның тек сыртқы бет-әлпеті қазақ па сонда? Қорқынышты. 2. Бейтаныс адамға қоғамдық сұхбатта ресми тұлға ретінде дікеңдеп, сенсіреп сөйлеуі мәдениет, этика, субординация деңгейінен хабар беріп тұр. Жалпы біздегі жоғарғы қызметтегі көптеген адамдар сондай. “Брат” деп қояды ғой, мынаған тек фенямен сөйлеу қалып тұр, енді. Тыкать будете своему другу, а почему так разговариваете? деп қарсы сұрақ қойғанда реакциясы қандай болар еді. Сол жағы қызық. 3. Бұл жағдай негізі күлетін нәрсе емес, осындай адамдар біздің тағдырымызды шешіп, ел басқарып жүргесін не дейсің. Әрине сосын конституциямыздан орыс тілі алынбайды. Мына қарқынмен Қазақ тілі әзір ұшпаққа шыға қоймас. Позор да и только”, - деп жазды желі қолданушысы. Оқырмандар арасында сұхбат берушінің әрекетін сынға алып, тіпті, оның құқықтық норманы бұзғанын айтып жатқандар да бар. “Дүмше, мәңгүрт. Қырт орыс боп кеткен ғой мынауың”, “Заң бұзып тұр. Заң бойынша орысша сөйлеуді талап етуге болмайды. Түсінбейсің бе, аудармашы жалда. Шығындан”, “Егер осыларға “байлығыңды тартып алам” деп қазақша айтшы, бірден түсінеді”, “Және бұлар Қазақ тілінде сөйлеген адамды адам деп санамайды”, “Шешесі кінәлі ең әуелі!” деген сынды пікірлер қарша борауда... Иә, біздің тіліміздің дәл қазір үшпаққа шығатын түрі жоқ. Орыс тілінің мәртебесін асқақтатайық деп анау мынау емес, бір еллдің білдей біп патшасы бұрқ еткізді. Кремльдегі кәрі төбетке табыну ма, жағыну ма ол жағы белгісіз. Белгілісін саясаттанушы Асхат Қасенғали бауырымыз айтып салды. Ол өз сөзінде Тоқаев орыс тілін ілгерілету бойынша ТМД елдерінің ішінде ұйым құруды ұсынды, біз оны қолдаймыз» деді Путин. Әрине бұл мәлімдеме эмоцияны басқа бірақ шығарды. Бұл не ұйым? Қандай функция атқарады? Алдыда сайлау, сондай сәтте мына мәлімдемені не үшін айтты? Сұрақ көп, қорқыныш та...Кейбіреулер өтірікті ысқыртып ақтап жатыр, кейбіреулер эмоцияны бұрқыратып даттап жатыр. Сайлау алдында тіпті жеңіске жетеріңді біліп тұрсаң да, мұндай мәлімдеме жасау жағымсыз эффект берері анық. Тіпті сені қолдайтын электораттың өзіне де. Ендеше оны не үшін айтты? Симоньянның 5-қаңтарда жазған посты есіме түсіп кетті. Біраз талап қояды, соның бірі «Қазақстанға көмектесейік, бірақ ол бізге орыс тілі мен орыс мектептері жайлы шынайы есеп берсін, алдамасын» дегені. Ресей билігі орыс тіліне қатысты Қазақстан өзіне жалған ақпарат береді деп есептесе керек. Жақында Ресей сайттарында бір үлкен зерттеу шықты. Сілтемесі міне, оқимын десеңіз. Қысқасы мұнда Ресей Қазақстанда орыс тілінің жағдайы нашарлап жатыр, орыс тілі мұғалімдері қысқаруда дейді. Мұндай зерттеулерге, пропагандистерінің айтқандарына қарап «Қазақстанда орыс тіліне қысым бар» дегенді Кремль шайқап жатыр ақырындап. Мына ұсыныс соның алдын алу үшін жасалды ма деп те ойлаймын бір жағынан, басқа логикалық себебін көріп тұрғаным жоқ. «Орыс тіліне қысым бар десе, орыс тілін қорғау бойынша ұйым құруды ұсынған біз едік» деп жауап беру үшін. Мүмкін ойым қате. Ал енді бұл ұйым қазақ тіліне қысым жасай ала ма? Жоқ, ол мүмкін емес. Ұйым емес тілдің тағдырын шешетін. Тіл тағдырын идеология мен демография шешеді. Кезінде Алматы қаласында бір ғана қазақ мектебі болатын, қазір өте көп. Жүздеген. Сырттан 1 млннан астам, тек қазақ тілінде сөйлейтін қандас көшіп келді. Олар 30 жылдың ішінде үйленіп, ұрпақ өрбітіп, 2-2.5 млн болған шығар. Барлығы дерлік тек қазақ тіліндегі мектепке барады. Бұл тек келген қандастарға қатысты. Ал жалпы қазақтың саны ресми 70 пайызға жетті, ал бейресми 80-ге жуық деп ойлаймын. Басым бөлігі қазақша оқиды, қазақша ойлайды. Жыл сайын орта есеппен 380-400 мың бала өмірге келуде.
Похожие видео
Показать еще