СҰМДЫҚ! ДЕПУТАТТАР БИЛІКТІ ШУЛАТТЫ/ТОҚАЕВ ШОШЫП ОТЫР! HD

10.02.2022
Бәріңізге ассалаумағалейкум Мінберде ашуланып, тыр жалаңаш тұрып шындықты айтқан депутат кім? 600 мың теңге жетпейді, аш қаламыз деп аласұрған көкелеріміз туралы не дейміз? Кәрі-құртаң, шал-шауқандар жайлаған қос палатаны қашан таратамыз? Президент Қасым Жомарт Тоқаевқа қандай уәж айтамыз? Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көрген дұрыс! Мексика Парламентінің депутаты пікірталас кезінде барлық киімдерін шешіп тастап: «Сіздер менің жалаңаш түрімді көруге ұяласыздар, бірақ сіздер елдің бар ақшасы мен байлығын ұрлап, халықтың көшеде жалаңаш, жалаңаяқ, шарасыз, жұмыссыз және аш жүргенін көруден ұялмайсыздар» деді. Міне. Бұл факт. Бұл шетел. Бұл адамдық, адалдық кодексыне қол қойған адамның сөзі. Керемет. Біз бұл депутаттың сөзін маңдайша қылып не үшін алдық. Қазір көріңіздер. 600 мың теңгені қанағат қылмай, кеңірдектері кеңейіп кеткен депутаттарды көк шыбықпен сабайтын боламыз. Күні еше ғана төрткүл дүниені дүрліктірген қаңтар оқиғасы бәрімізге де ой салып, осы толқулардан ащы сабақ алуға итермелеуге тиіс еді. Оның ішіндегі ең бастылары - бай мен кедейдің арасының тым алшақтауы, биліктің ел мүддесімен емес, тек өз мүддесімен ғана өмір сүруі секілді еш ақтауға болмайтын, сиықсыз көріністер болатын. Мұның бәрі, әрине, қоғамның басты кеселі - әлеуметтік әділетсіздік проблемасынан туындап жатқандығы сөзсіз. Ежелгі Қытайда қайта-қайта айтыла беретін «барлық толқулар мен төңкерістер кедейліктен емес, әділетсіздіктен» деген филососфиялық түйін бекерден-бекер туындамаса керек-ті. Ал енді «қанды қаңтарға» бір ай толғанда билік тарапынан қандай бір өзгерістер байқалады? Олардың санасында бұл толқуларды түсінуге деген ұмтылыс бар ма? Өкінішке қарай, бұл сауалға толық жауап ала алмасымыз анық. Өйткені, өзгесін былай қойғанда, формалды түрде болса да халық сайлады дейтін дағарадай депуттатарымыздың өзінен «енді жаңаша өмір сүруге ұмтылайық» деген ниет байқалмайтын секілді. Бір ғана мысал. Өткенде президент Тоқаев Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері мен облыс әкімдерінің айлығына бес жыл мерзімге мораторий жариялағаны белгілі. Халық қалаулыларының мұны үнсіз қолдағандарына қарағанда, бұл шешімге ешқайсысы да қарсы болмағандығы түсінікті. Ал түсініксіздігі, олардың кейбіреулерінің телеарналар мен әлеуметтік желіге берген сұхбаттарында бұл бастаманың олардың көңіліне онша жаға қоймағандығы байқалады. Мәселен, жақында ғана бір топ Мәжіліс депутатары айлықтарының шайлыққа жетпейтінідігі туралы «31 арнаға» өкпесін айтыпты. Олардың айтуынша, айына небәрі 600 мың теңгеге жетер-жетпес жалақы алатын көрінеді. «Айына орташа 600 мың теңгедей шығады. Оның 150 мыңы азық-түлікке кетеді. Біз көп балалы отбасымыз. Қалғаны жетіп қалады», - дейді депутат Елнұр Бейсенбаев. Сөйте тұра бұл азамат айлықтан айлыққа дейін ғана өмір сүретіндігін айтады «Айына орташа 600 мың теңгедей шығады. Оның 150 мыңы азық-түлікке кетеді. Біз көп балалы отбасымыз. Қалғаны жетіп қалады», - дейді депутат Елнұр Бейсенбаев. Сөйте тұра бұл азамат айлықтан айлыққа дейін ғана өмір сүретіндігін а

Похожие видео

Показать еще