СҰМДЫҚ! РЕСЕЙ ӘСКЕРІ ҚАШТЫ — ПУТИН БӘЛЕГЕ ТАП БОЛДЫ — УКРАИНА ЖЕРІН АЗАТ ЕТТІ! HD

13.09.2022
Бәріңізге ассалаумағалейкум Путин кет! Ресейді бәрі жек көріп бара жатыр! Мінеки, Ресейде осындай ұранмен дүмпулер басталды. Бұл Путинның алтын тағын шайқалта ала ма? Депутаттар соғысқа не үшін қарсы шықты? Шынымен де Ресейліктердің шыдамы таусылды ма? Украина сұмдық жылдамдықпен қанша қаланы басып алды? Путин мырза тезірек отставкаға кетіңіз деп мәлімдеме жасағандар кім? Бұл туралы өте өзекті ақпараттарды сізге Көрген дұрыс! Патша көңілді көрермендер. Бар болғаны 15 секундыңызды қиып, видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасында шыққан кішкентай ғана қоңыраушаны түрте кетіңіздерші. Сіздердің бізге көрсеткен қолдауларыңыз, зор шабыт пен еңбегіміздің жемісі болып табылмақ. Кеттік ендеше! Украина әскері сұмдық жылдамдықпен шабуылдап жатыр. Екі күннің ішінде Балаклея, Изюм, Купянск қалаларын қайтарды. Лиман қаласы үшін шайқас өтуде, ал Волчанск қаласынан Ресей әскері қашуда. Суретте Купянск қаласына ту тіккен украин ерлері. Бұны тақырыбымыздың аңдатпасы деп біліңіздер. Міне, осындай жеңістерден кейін Путин тығырыққа тірелді. Енді өз елінің ішінде де сүйкімі кетіп, әр жерден бір гу гу әңгіме желдей есіп жатыр. Осы тұста ақпарат жеткізуші Керімсал Жұбатқанов ағамыз былай деп мақаласын жариялады: Санкт-Петербург депутаттары Мемлекеттік Думаға Путинді сатқындық жасады деп айыптауды ұсынды Санкт-Петербургтегі Смольнинское муниципалитетінің кеңесі Мемлекеттік Думаға Ресей президенті Владимир Путинді қызметінен алу үшін оны мемлекетке опасыздық жасады деп айыптауды ұсынды. Бұл туралы депутат Дмитрий Палюга мәлімдеді. Санкт-Петербург депутаттары Путиннің Ресей армиясының Украина аумағына басып кіруі ақылға сыймайтын және Ресей азаматтарының қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп санайды. Бұл шешімді Палюга атап өткендей, қатысқан Смольнинский депутаттарының көпшілігі қабылдаған. Депутаттар Украинадағы соғыста жастардың қаза тауып, мүгедек болып жатқанын, соғыстан Ресей экономикасы зардап шегіп жатқанын алға тартады. Ресей басқыншылығы басталғаннан кейін НАТО блогы шығысқа қарай белсенді түрде кеңейе бастады. Ал , Украина қару-жарақты көбірек ала бастады, дегенмен Путин әскери агрессияны ақтау үшін қолданған мақсаттары керісінше болды дейді. Наурызда Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін көп ұзамай Смольнинский кеңесі Путинге қантөгісті тоқтату, Украинадан әскерді шығару және отставкаға кету туралы парламенттік өтініш жіберген екен. Кремль Украинамен соғыста ғана емес, Еуропаға ашқан мұнай-газ соғысынан да жеңіліп жатыр», - деп есептейді ресейлік оппозиционер, әлеуметтанушы Игорь Эйдман. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды. «Ол қазір ескі орыс ертегісіндегідей «Қасқырдың құйрығы үсіп қал, үсіп қал» деп Еуропаны қорқытып отыр. Ал, Еурапа одан ығар емес. Путин өзі бастаған екі соғыстан да жеңілді: Бірі – Украинадағы қанды соғыс, екіншісі – Еуропамен мұнай-газ соғысы», - деді Эйдман. Сонымен қатар, жақын арада Ресей бюджеті негізгі Еуропалық нарыққа энергия тасымалдаушыларды экспорттаудан түсетін кірістен айырылады. Еуропадан келетін мұнай долларларының ағыны алдағы жылдың басында тоқтайтын болады. «Еуропаның Ресей газынан жақын уақытта бас тартатын ойы болмаған. Бірақ Путин процесті өзі жеделдетті. Кремльдің қыңырлары Германияны газбен бопсалау арқылы тізе бүктіруге болмайтынын түсінбеді. Қазір неміс қоғамында Кремльге деген жеккөрушілік одан әрі ұлғайып, Ресей газына тәуелділіктен құтылуға шешім қабылдады. Ақымақ бопсалаудың нәтижесінде Кремль Еуропалықтар жоспарлағаннан бір жарым жыл бұрын газ сатудан түскен кірістерден айырылады. Путин жарық астаудың қасында қалса да, «Біз ештеңеден айырылған жоқпыз» деп қайталаудан танбайды. Иә, әрине, егер ондаған мың адам өмірін, триллиондаған рубль ақшаны, соғысқа жарамды әскерді (қазір олардың орнын сотталғандармен толтырып жатыр), ақпараттық технологиядан бастап автомобиль құрастыруға дейінгі экономиканың маңызды салаларын, экспортты қоспағанда «ештеңені жоғалтпады». Бұл тек қана басы»,-деп жазды сарапшы. Сондай ақ депутаттардың біразы: Сайлау жақындап келеді, бірнеше күннен кейін біздің Кеңестің құрамы өзгереді. Біз бес жыл бойы қызмет атқардық және осы қызметті жаңа идеясы мен күш-жігері бар жаңа адамдарға беретін уақыт келді. Зерттеулер көрсеткендей, басшысы тұрақты өзгеріп отырған елдерде адамдар жақсы және ұзақ өмір сүреді. Сіз бірінші және екінші мерзімге президент болып сайланған уақытта жақсы реформалар болды, бірақ содан кейін барлығының тас-талқаны шықты. Сіз және сіздің бағыныштыларыңыз қолданып жүрген риторика ұзақ уақыт бойы төзімсіздік пен агрессияға толы болды, бұл ақыр соңында елімізді қырғи-қабақ соғыс дәуіріне қайтарды. Әлем Ресейден қорқып, жек көре бастады. Біз тағы да бүкіл әлемге ядролық қарумен қауіп төндіріп отырмыз. Жоғарыда айтылғандарға байланысты сіздің көзқарастарыңыз, басқару моделіңіз ескіргендіктен және Ресейдің дамуына кедергі келтіретіндіктен қызметіңізді босатуды сұраймыз, – делінген үндеуде.

Похожие видео