ЗЕЛЕНСКИЙ МАЙДАНҒА АТТАНЫП - БАҒЫНУДАН БАС ТАРТТЫ! HD
Бәріңізге ассалаумағаликум. Қазақстан Жеңіс күніне әскери парад өткізбейміз деп еді, Ресей бұлқан-талқан боп өкпелеп жатыр. Сонда 9 мамыр паратын өткізу-өткізбеуді Кремль нұсқап отыра ма? Депутаттары «парадтың неге өтпейтінін түсіндірсін» деп шүйлігетіндей бізде әкесінің құны қалды ма? Ал Путин Мариуполь қаласын жоқ қылды. Шаһарды қорғауда өліспей-беріспей күресіп жатқан «Азов» батальонының ерлігі жайлы естідіңіз бе? Қадыров болса тағы құтырды. Ол бұл жолы тағы не деп оттады? Мұны сізге сөзссіз білген дұрыс! Мына Ресей депуттары тура құйрыққа қыстырылған боқ сияқты. Күндерін Қазақстанға қарап атырып, Қазақстанға қарап батыратындай. Біздің ел Жеңіс күніне арнап парад өткізбейміз деп еді, ұлардай шулап қоя берді. Неге өткізбейді,түсіндірсін деп талап етіп отыр. Мәселен Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Николай Новичков: «Ешқандай дау жасаудың қажеті жоқ, тек мәселенің басын ашып алу керек. Қазақстан 9 мамырдағы Жеңіс парадына қатысты шешімін ресми түрде дипломатиялық жолмен түсіндіру керек», – дейді. Оның айтуынша, Қазақстан шешімін өзге елге түсіндіруге міндетті екен. Осыдан соң қалай қаның қайнамайды, әәә?! Ресейдің Владимир Аватков дейтін сарапшысы бар. Ол да түлен түрткендей мәлімдеме жасапты. "Күн сайын посткеңестік кеңістіктерден, атап айтқанда Қазақстаннан таңғаларлық жаңалықтар көбейіп келеді. Енді олар Жеңіс күніне арналған шеруден бас тартты. ОДКБ Қазақстанды күйреу мен анархиядан құтқарғанына қарамастан, олар жаңа әлемді қай жағынан құратынын шешуге асықпай келеді. Украинада қайғылы оқиғалар осындай әрекеттерден басталды: Батысқа бет бұру, өз өткенімен байланысты жою. Қазақстан да дәл осындай жолмен жүруге тәуекел етті. Енді ғана Қазақстан екі «әлемнің» емес, көптің – бұл Ресей, Қытай, Түркия және Батыстың арасында қалуы керек. Бұл әлдеқайда ауыр болады", - деп жазды сарапшы телеграм арнасында. Айтқан сөзін қараңызшы...Бұл тап-таза басыну емей немене? Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан деген осы болса керек. Ресей бізге құл-құтанға теңеп отырса да оларды өліп жақтап отырған қазақтарға кейде таңқаласың. Шыңғыс Айнабеков деген ұлытжанды бір азамат бар. Со кісіге бір мәңгүрт «Украинаға барып соғыспай, барлығың Америкадан қорықпай Россиядан қорқып қалыпсыңдар ғой». деп кекетіп жазыпты. Сонда Шыңғыс шырылдаған шындықты былайша жеткізді. Кейде мәңгүрттерге айтылған сөз де зая. Олардың санасының уланғаны соншалық күндіз-түні Ресейдің арналарын аңдып, соғыстың қалай өрбіп жатқанын өздігінше бағамдайды. Ал Ресей арналарының не айтатынын есі дұрыс адамның бәрі біледі. Өздеріне шаң жуытпай, Украинаны сүмелек етіп көрсетеді. Ресейдің жаңалықтарына қарасаңыз, бұл ел үлкен жындыханаға айналған сияқты. Қалай-былай. Полиция украин композиторының шығармасын ойнаған белгілі пианистің концертін тоқтатты Көшеде Джордж Оруэллдің «1984» кітабын тегін таратып отырған адам армияның «абыройына нұқсан келтіргені» үшін істі болды • Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романын ұстап тұрған адам қамауға алынды • Путиннің соғыс туралы сөзінен үзінді