Аяжан Жұмахан. Ұлы Жеңіске 75 жыл. Шу ауданы.
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда нацистік кезеңде басталды, 1939 жылғы кеңес-герман шарттарын бұзған Германия КСРО-ға шабуыл жасады. Соғыс Кеңес Одағының барлық халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Кеңес одағының әр отбасы сұрапыл соғыстың зардабын көрді. Мыңдаған адам туған туысқандарынан, бауырларынан айырылды. Бүгінде олардың әр қайсысының есімдері мен ерлігі ұмытылмақ емес. Қазақстандықтар біріңғай елдің азаматтары ретінде соғысқа белсенді және жаппай қатысты. Көптеген еріктілер майданға аттанып, Мәскеу, Сталинград және Курск доғасының астында шайқасты. Майданға республиканың 18-ден 50 жасқа дейінгі ер азаматтарының 70 пайызы кетті. Шу өңірінен майданға аттанған 6620 ардагерлер болса, оның ішінде 2245 із – түзсіз жоғалған, 1569 соғыс кезінде жерленген, 2806 елге оралған. Ұлы Отан соғысының 1418 күні Кеңес мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан тарихында аса күрделі кезең болды. Солдаттар мен офицерлер өз өмірлерін аямай, фашистерді талқандап, фашистік Германияны тізе бүктірген. Кеңес Одағының Батыры атағы 497 қазақстандықтарға берілсе солардың ішінде біздің мақтанышымыз, жерлесіміз Саттар Естемесов, Сәду Шакиров аталарымыз бар. Әр жылы Ұлы жеңіс күніне орай әр – бір елді мекендерде мерекелік іс – шаралар жалғасын табуда. Соның бірі Шу ауданына 80 – Шу қаласына 50 жыл толуына байланысты, Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған шарада Шу қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы Кеңес одағының Батыры Саттар Естемесовтың еңселі ескерткіші ашылған болатын. Ал, ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Шу қаласындағы Сәду Шакиров көшесінің бойындағы конструкциясының барлығы 9,6 метрді құрайтын, оның ішінде 3,5 метрлік батырдың еңселі ескерткішінің ашылу салтанаты мен қатар Шу ауданы орталығы Төле би ауылының Даңқ алеясының бойынан мемориалдық кешеннің лентасы қиылып Белгісіз солдат ескерткішіне гүл шоқтары қойылған болатын. Сол атаулы мемориалдық кешенге майданда от кешкен азаматтармен барлығы 10 700 соғыс ардагерлерінің аты – жөні нақтыланып мәрмәр тасқа нақтыланып жазылған кешеннің ашылуы болған. Бұл шараға аудандық әскери қызметкерлер әскери мылтықтардан оқ атып салтанаттың сәнін кіргізді. Бір айта кетері күні кеше ғана облыстық баспада жарияланған «Жамбылдық 8 батырдың есімі анықталды» мақаласындағы 8 – дің, 3 – і Шулық ардагерлер болып отыр. Атап айтсақ Қонаев ауылының тұрғыны болған Айткулов Мусабек атамыз, Төле би ауылының тұрғыны болған Алишев Шахан атамыз бен Искаков Сұлтанбай аталарымызды мақтан тұтамыз. Бұл кісілер өз уақытында Совет Одағының Батыры атағына ұсынылып, бірақ түрлі себептермен дәл сол марапат берілмей қалған көрінеді. Отан алдында от кешіп сұрапыл соғыстың талай қиыншылықтарын басынан кешкен ел азаматтарын ұмыт қалдырмау, оларға деген сый – қошемет көрсету кейінгі болашақ ұрпақтың парызы. Болашақ ұрпақ үшін азаматтық борышын қан майданда өтеу маңдайларына жазылып, ел мен жердің тыныштығы үшін жан беруге барған ардагерлеріміздің бүгінгі күні екуі ортамызда бақытты ғұмыр кешуде.