"Жеңістің өшпес шырағы" байқауы .Ұлы Отан соғысының ардагері Асанов Мұзаффар Адайұлы жайлы

21.04.2020
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Сол қанқұйлы соғысқа қаншама аталарымыз бен әжелеріміз Отан үшін от кешті. Қайтып келгендер де бар, қайтып келмегендер қаншама. Естелігімнің басты кейіпкері- бірімізге асыл әке, ардақты ата, өнегелі аға бола білген, ҰОС қатысушы, руы Кіші жүз Алшын Асанұлы Мұзаффар Адай тегі. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысына қатысушы ретінде де бәрімізге белгілі ұлы тұлға десем де артық болмас. Мен атамызды мақтан тұтамын. Биыл Мұзаффар Асанұлы асқаралы 97 жасқа толушы еді. Жеңістің 75 жылдығына орай Мұзаффар атамыз туралы естелік бейнероликті жариялағанымды жөн көріп отырмын. Осы бейнероликті атамның рухына арнаймын. "Жеңістің өшпес шырағы" байқауы .Ұлы Отан соғысының ардагері Асанов Мұзаффар Адайұлы жайлы бейнеролик. Бейнеролик авторлары : Шахтинск ОКЖ-нің ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Асанова Нургамила Тулюжановна және Қарағанды колледжінің инженері Асанов Жұмабай Тулюжанович. #karlib #jenis75krg #pobeda75krg #qaharmankrg #erlikkrg

Похожие видео