БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ ЖАЙЛЫ СҰМДЫҚ МӘЛІМЕТ HD

30.06.2019
Бәріңізге Ассалаумағаликум Бүгін біз сіздерге, Қазақстанның еңбек сіңірген спрот шебері,Сиднейде өткен 17-ші олимпиада чемпионы, Бекзат Саттарханов туралы айтатын боламыз.Жалпы біз бен сіз, ол туралы не білеміз?Толығырақ осы видеомыздан біле аласыздар.Мәлімет бізден, Бағалау сізден болсын. Ұлтына ұлы жеңіс сыйлаған ұл Бекзат Саттарханов. Кезінде Мәскеу төрінде Серік Қонақбайевтің қолы жетпеген олипиада алтынына, Сиднейдің төрінде Бекзат Саттарханов қоржынға салды. Қазақ елі 20 жыл күткен жеңісті, 20 жасар жас жігіттінің қолынан келеді деп ешкім ойламаған еді.Бекзат Саттарханов 1980-інші жылдың 4-інші сәуірінде қасиетті Түркістан қаласында дүниеге келді.Ол үйдің кенжесі. Әкесі Сейілхан, анасы Сырлыкүл.Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат Болат Мақсат есімді ағалары бар.Бекзат бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлсіз болатын.Сол кездері оның чемпион болатынына сену өте қиын еді.Қазақтың қайсар жігіті, енді ғана есін жиып келе жатқан, Қазақ халқын төрт күл дүниеге паш етті.Бекзаттың бойыңда әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған ерекше таланты бар.Небәрі 5 жыл жаттығып олимпиада чемпионы атану екінің біріне тіпті жүздің біріне бұйыра бермейтін бақ.Бекзат Саттарханов көзі тірісінде 143 жекпе жек өткізіп оның 132-сінде жеңіске жетті.Мұның бәрі тек 20 жасында болған еді.Айта кететін болсақ ол 18-жасында мұсылманның бес парызы етілген Меккеге қажылыққа барады.Бекзат бокспен ғана шұғылданған жоқ.Ол заңгер мамандығы бойынша білім алған.Басында шымкенттегі Әуезов атындағы мемілекеттік университеттің дене шынықтыру факультетін содан кейін туған жері Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унивеситетінде заңгер мамандығын бітірді.Бекзаттың бойында бала күннен бері байқалатын ерекше қасиеті бар.Ол өзі жеңген боксшылардан есе қайтаруды сұрайды екен.Міне қызық.Бекзат жеңіске жету үшін тынбай еңбек ететін.Ол жүгірген кезде аяғына ауыр қорғасын байлап алып жүгірген деседі.Ал залға жарты сағатта құйылта жететін оның жүрек қағысы үш төрт минутта қалпына келетін. Бұл көрсеткіштердің өзінен оның қандай болғанын білуге болады.2000 мыңыншы жылы желтоқсанда Шымкент-Түркістан жолында болған көлік апатынан кейін қазақ елі қаралы хабар естіді. Не бәрі жиырма жасында олимпияда чемпионы атанған Бекзат Саттарханов осы апатта көз жұмды.Бәлкім тірі болғанда қазір 39 да болар ма еді.Бұл қаралы хабар Бекзаттың отбасына оңай тиген жоқ. Бүгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген Бекзаттың өзінің отанына сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктері өлшемсіз.Қазақтың маңдайына сыймай кеткен дүлдүлдің өмірден өткеніне де міне 19 жылдың жүзі болыпты. Сонда да оның артына қалдырған өшпес ізі мен жеткен жетістіктерін келешек ұрпақ ешқашан ұмытпас деп ойлаймыз.Болашақта дәл Бекзат сияқты халқы үшін жаратылған азаматар көп болатына біз кәміл сенеміз. Сонымен біздің видеомыз аяқталды. Видео ұнаса лайк басып кетіңіз Және арнаға жазылып қасында шыққан қоңыраушаны басып қойыңыз өз пікірлеріңізді комментарийге қалдырып кетіңіз біз міндетті түрде оқитын боламыз сондай-ақ вид

Похожие видео

Показать еще