ТӨЛЕ БИ ҚОРҚЫНЫШТЫ МӘЛІМЕТ

02.07.2019
АВТОР: ЕРАСЫЛ МИЗАМҒАЛИЕВ. Бәріңізге Ассаламуағалейкум!. Бүгін біз сіздерге Қазақ халқының заңдар жинағын қалыптастыруға, сондай-ақ, үш жүздің басын біріктіріп кеңес өткізуге, Өзбек Қарақалпақтармен бірге бірлесіп Жоңғарларға қарсы әскери одақ құруға ат салысқан, әр сөзі мірдің оғындай болған, шешен, Төле би Бабамыз туралы қысқаша мәлімет беретін боламыз!. Ендеше Кеттік! Басталмас бұрын арнаға жазылып қасында шыққан қоңыраушаны басып қойыңыз 17-18 ғасырлар!... 1663 жыл!... Ұлы жүздің мекені болған қазіргі Жамбыл облысының Шу өңірінде, Дулат тайпасының құрамына кіретін Жаныс руында, Шыр етіп бір сәби дүниеге келді!... Ол, Бала күнінен әкесі Әлібек биге еріп жүріп ел көрді, жер көрді. Ол, айналасындағы халықтың абыр сабыр тіршілігін де, атаның аузындағы аталы ақылын да, ересектердің есті де, есер сөзін де ой елегінен өткізіп, пайдалысын ойында сақтап, керегіне жаратты. Өйстіп,өйстіп бала Төле, өскен ортасында Қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім ала білді. Ол, 15 жасынан бастап, ел билігіне араласып, ел ішінде ақыл-парасаттылығымен, әділ шешімімен, шешендік өнерімен, көзге түсті. Оның осы дарын қасиеті Төленің басына Айдар тағып қана қоймай, Ұлы жүздің "Бас Биі" дәрежесіне дейін жетуіне үлкен себепші болды. Ал оны бас би етіп тағайындаған Тәуке хан болатын. Төле, би болып танылғаннан кейін, әдеттегідей ел ішіндегі дау дамайды ғана шешіп қойып қарап отырмады. Ол алғашында бірең-сараң саясатқа да араласып, таным көкжиегін одан әрі семірте берді, ал содан кейінгі уақыттарда Төле би бабамыз, елдің бағы үшін, халықтың қамы үшін деп, билік жүйесіне, сыртқы және ішкі саясатқа, сол кездегі халықаралық қатынастарға араласып, осы арада өз ықпалын көрсетті. Төле би Ташкентті 20 жылға жуық уақытбилеген. Төле би осы арада жалғыздың шаңы шықпасын біліп, ұлтты ұлт етер өз мақсаты мен жобаларын, өзі ғана сүйрелемей, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге бірігіп, Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуда барынша табандылық көрсете білді. Төле би, Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып, және шариғат заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Онымен оның қазаққа жасаған, жақсылығы аяқталмақ емес!. Ол, бұқара жұрттың арасында да жүріп, көзіне көрінген мәселелерді шешіп тастап, осынау Қара халыққа, қазақ пен қазақтың жанжалдаспауы керек екендігін, егер мұсылман мұсылманға кек сақтар болса, түбі елдің құты қашып!, қоғам іштен сасып!, бірлігі жойылып, берекесі кеткен жұрт, түбі елсіз!, ұлтсыз!, жерсіз! қалатындығын айтып жүрді. Бейне бір Төле бидің өнегелі ғұмыры, қазаққа арналғандай еді. Оның керемет іздері, тарихтың парақтарында сақталған... Бірде Қазақтың Кең сайын даласында, Іргелес отырған Жанту жөне Жантас аулының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Олар Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Әкелері мен аталарын

Похожие видео

Показать еще