Қорқыт ата-3

01.04.2018
Түгел түркіге ортақ тұлғаӘйгілі Әлішер Науаи: «Алла­ның нұры жауғыр Қор­қыт ата еді, түркі ұлысы арасын­да одан даңқты, одан ас­қан кісі жоқ еді. Оның даң­қы еш­кімге жеткізбейтін еді. Өз­ге­ше­лігі, данышпандық аты­ның көп шығуы, неше жыл өзі­­нен бұ­рынғыны білуі, неше жыл өзінен кейінгіні болжап, ке­­ле­шекті айтып беруі, оның таң­­ғаларлық нақыл сөздері осы күн­ге дейін бар» деп дала өр­ке­ниетінің данагөйіне бас иеді.Түркі әлемі үшін Қорқыт ата дәуірі түбегейлі бетбұрыс, жо­лай­рық заман болғаны шындық. Оғыз, қыпшақ секілді түркі тайпалары Еуразия ке­ңіс­тігінде сеңдей сапырылы­сып, қоныс жаңалады, өріс ұлғайтып жатты. Кейбірі ислам дінін қабылдап, кейбірі ескі сенімінде қала бер­ді. Бұл кезеңде ту көтерген оғыз-қып­шақ қау­ы­мын рухани же­беу­ші Қорқыт ата болды.Оғыз бен қыпшақтың айы­рылған тұсына халық осылайша сөз­­бен ескерткіш тұрғызады. Ұлы түркіден сарқыт алған оғыз бен қыпшақ тайпаларының қу­ат­­ты одағы ІХ-ХІ ғасырларда Сыр бойында өркениеттің үз­дік үл­гі­лерін қалдырып, түркі әлемі­нің туын желбіретті. Бұл одақ саяси-идеологиялық қайшылық түскен соң біртіндеп ыдырағаны да белгілі. Алайда, тарих көшінің бұралаңында арасы алшақтаған ағайын ұлыстарды біріктіруші тұл­ға, ұлы рәміз – кемеңгер Қорқыт ата болды.Қорқыт ата туралы жыр-аңыздарда теңіздей толқыған, киіктей жосыған оғыз-қыпшақ тайпаларының қилы тағдыр-тәлейі, Алтайдан Сыр бойына, одан Кавказға, әрі қарай Ана­до­лыға дейін жайылған кө­ші-қо­нының ұзын-ырғасы, соқ­пақ сорабы бас қосып, елес береді. Сыр бойында жасаған Қорқыт ата оғыз бен қыпшақтың түйілісі, тәңірілік сенім мен ислам дінінің қиылысы дәуірінде ғұмыр кешкендігі, өркениеттер тоғысқан, дала мен қала салты жарысқан жолайырық дәуірдің дәнекерші тұлғасы болғандығы оның бай мұрасынан айқын кө­рінеді. Ал Оғыз-Қыпшақтың бір ананың қағанағынан жа­рыл­ған егіздей ұялас кезеңі Сыр бойында өткені мәлім. Қор­қыт­тың атасы оғыз, нағашы жұр­ты қы­п­шақ еді дейді көне шежіре.Қазыналы Қорқыт ата мирасын бағзы заманнан әр жұрт өзіне тәбәрік еткен, сондықтан оның әр ұлыста өзіндік ерек­ше­лікке ие жыр-әпсанасы сақ­тал­ғ­ан. Қорқыт ата уақыт пен ке­ңіс­тіктің қою мұнарынан арасы ал­шақ­таған алашты қасқағым сәтте біріктіре алатын, басын қосып ізгілік пен жеңіске бастайтын дала дарабозы. Бұл оның оғыз-қып­шақтың еншісі бөлінбеген дәу­ірде өмір сүрген нар тұлға еке­нін көрсетеді.Қорқыт атаның бейнесінде миф­тік астарлы бояу қалың бол­ған­дықтан кейбір шығармаларда оның 295 жыл жасап, үш әмір­ші­ге уәзір болғаны айтылады. Бір де­ректер Мұхаммед пайғамбарға ел­шілікке барғанын, Аббас әу­леті Бағдатты бас­қа­рып тұрған шақ­та өмір сүргенін алға тарта­ды. Ұшан теңіз мәлімет қо­рын тексере келе академик Ә.Марғұлан Қорқытты VІІ-VІІІ ғас­ырда Сыр бойында дүниеден өткен тұлға деген қорытынды жасайды.Ұлылар бір жерде туып, мың жерде өледі» деген қанатты сөз бар. Қорқыт атаның қабірінің өзі үш жерде аталады: Түркияның Байбұрт ауданы, Кавказда Дер­бентте, Сырдария бойын­да Қармақшы ауданында. Жал­пы, ұлы қайраткерлердің тыным тапқан киелі орында

Похожие видео

Показать еще