Қорқыт ата-2
«Қорқыт ата кітабы» – ізгіліктің ұраныҚара тасты да мүжіп жоқ қылатын алып уақыт пен кеңістіктің қатал талқысына дес бермей құрыштай шыңдалған Қорқыт ата мұрасы барша түркіге ортақ жауһарға айналды. «Қорқыт ата кітабы» әлемнің ақыл-ой қазынасына қосылған інжу-маржан саналады.«Қорқыт ата кітабы» – даланың данагөй абызына қатысты туған бағалы мәдени ескерткіш. Осы жырды зерттеген В.Бартольд, В.Жирмунский, Х.Короглы, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев секілді ғалымдар эпостың негізгі сарындары Ұлы Далада ауызша туғандығын тұжырымдаған. Батыс оғыздары арасынан эпосты жазып алушы мұраға әдеби өңдеу жасамай қаз-қалпында бергендігі сөз нақысынан, эпикалық толқынды иірімдерінен байқалады.Әйгілі дастанның толық аты «Кітаби ғали лисан тайфа оғузан» деп аталады. Жыр екі орында сақталған: Ватикан (12 жыр) һәм Дрезден (6 жыр) нұсқасы. Дрезден нұсқасын хатқа түсірген Абдаллах ибн Фарах. В.Бартольд 1922 жылы орыс тіліне аударған осы нұсқа 1950 жылы Бакуде, 1962 жылы Мәскеуде басылды. Жырды Ә.Қоңыратбаев пен М.Байділдаев 1986 жылы орысшадан, Б.Ысқақов 1997 жылы түрік тілінен аударып жариялады.ХV ғасырда хатқа түскен, Қорқыт атына жинақталып, топталған «Кітаби дәдә Қорқыт» эпосында оғыздардың кейінгі қонысында пайда болған кейбір ұғым-түсініктер, жер-су аттары, діни сарын қабаттары да бар. Бұл эпостың табиғатынан баба жұртын сағынып, пір тұтқан ел ұзандарының Қорқыттың атын түпқазық етіп, түптөркіні байырғы баба топырақтан бастау алатын жыр аңыздарды Әзербайжан, Кіші Азия аймағында қайта-қайта айтып топтап, жинақтағаны, әдемі эпосқа айналдырғаны білінеді. Жырда ұлы дала эпосына тән телегей теңіз төкпелік, шымыр желі, композициялық кестелі үйлесім кеми түскен. Отырықшы қалалық елдің ертегі айту машығына тән тосын диалог, шытырман новеллалық сарын, айтушының әміршіге бағыштаған тілек сөзімен түйінделетін өзгеше өрнек аңғарылады.Бұл дастан ғалымдардың пікірінше әзербайжан оғыздары арасында тұтас тұлғалы эпостық шығармаға айналып, толыса түскен. Әйгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев дастандардың жетеуі Сыр бойында, бесеуі Кавказда пайда болған деген пікірге бейіл білдіреді. Демек, бұдан Кавказ тарапына Қорқыттың өзі емес жаңа бояумен жаңғырған сөзі барған, қасиетті бабаның рухының ұшқыны жаңа мекенде жаумен қидаласқан қалың ұрпағын жебеген, киелі аруағы Балқан асқан бахадүрлерге пана болған деуге болады.Анадолы топырағына табан тіреген жүректі де білекті батыр бабалар танымы – Грек философиясына, қалыбы – Рим мемлекеттігіне арқа сүйеген христиандық Батыспен бетпе-бет келгенде, өзіндік кескін-келбетін жоғалтып алмауға септесетін рухани иммунитет іздегені анық. Дін мен дәстүрдің үйлесімінен туған мұндай ішкі қуатты қалқанды түріктер Қорқыт атадан тапқан сыңайлы. Сондықтан Қорқыт ата кітабы – түрк тілі мен тарихының түпсіз тереңдігін танытатын Қашқаридің әйгілі сөздігін, түрк мемлекеттілігі мен мәдениетінің өрелі өрісін көрсететін Баласағұнның «Құтты білігін» және түрк руханияты мен өміршең өнеге
Похожие видео
Показать еще