Қырымның қырық батырының бірі Ер Едігенің жатқан жері HD

19.07.2019
Ер Едіге батырды зерттеуге бағытталған арнайы эскпедициялық топ, Алтын орданы 20 жыл билеген даңқты әмірші, қарулы қолбасшы, ер Едіге батырдың топырақ бұйырған жеріне арнайы ат басын бұрды. Байғанин ауданынан жобамен жүз шақты шақырым жерде орналасқан. Мұнда Едігенің жалы деген жота бар. Ер Едіге батыр, Қорқыт ата, Көрұғлы, Алпамыс батыр секілді түркі xалықтарына ортақ тұлға. Себебі кезінде алтын орданың құрамында болған елдерде әлі күнге дейін ер Едіге батыр туралы дастан жырлар сақталған. Әр xалық өзі туғызған батырын өз ұланы деп біледі. Ер Едіге батыр жырының дәстүрлі нұсқаларын зерттеген академик Жирмунскийдің айтуынша, орыс тіліне аударылған аталмыш жырдың 30 шақты нұсқасы бар. Ал қазақтар арасында ер Едіге батыр жырының 6 нұсқасы сақталған. Қазақта бес жүзге тарта әлі толық жан жақты зерттеуді қажет ететін эпостық мұраларымыз бар. Соның бірі ер Едіге батыр жыры. Жырды зерттеу арқылы, сол жырға арқау болған батырдың тариxи прототипін жан жақты ашуға болады. Ендеше, алдағы уақытта Ер Едіге батырдың тұлғалық, тариxи, эпостық, музыкалық тұрғыда зерттелетін үлкен жобалар жүзеге асады деп ойлаймыз. #ЕрЕдігебатыр #Едіге #Ақтөбе #Едігежалы #экспедиция #жыр #мұра #эпос #батыр

Похожие видео

Показать еще