Алматылық тұрғын 195 келі салмақпен мүгедектік рәсімдей алмай отыр

02.12.2020
Алматы тұрғыны Шынар Айбасова 195 келі салмағыммен мүгедіктік құжатын ала-алмай отырмын деп Информбюро редакциясынан көмек сұрады. Айтуынша, Алматыдағы Наурызбай ауданына қарасты Абай ауылында бір бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Күн санап салмақ қосып, жүріп-тұруым қиындап кетті деген Шынарға осы уақытқа дейін жергілікті әкімдіктен ешкім келмепті. Үйінен шығуының өзі мұңға айналған Шынарға сол аумаққа жауапты емхана көмектескеннің орнына толық талдауларын өткізбей мүгедектік алу мүмкін емес деп отыр. Артық салмақтан денсаулығым күн өткен сайын нашарлап барады деген 47 жастағы келіншек мүгедектік алудың өзі мұң болды деп қынжылады. Екі жылдан бері төсек тартып жатқан Шынар Айбасова осы уақытқа дейін денсаулығын толық тексерістен өткізе алмапты. Аяғы сыздап, аяқ-асты басы айналатын Шынарға дәрігерлер қант диабеті диагнозын қойыпты. Сөздерінше артық салмағының бір себебі осы. ШЫНАР АЙБАСОВА, Наурызбай ауданының тұрғыны: – Жуынатын жерім жоқ. Осы дәретте осы жерде био-туалетпен, тамақ ішетін жерім де осы, жататын жерім де осы жер. Қожайыны қанағат етіп, Шынарға тек су мен жарықтың ақшасын төлеп отыр деп берген бір бөлмелі үйдің де едені аяқ бастырмайтын суық. Көршілері берген электр пешін қосайын десе жарықтың бағасы қымбат. Қызым екеуіміз қырық мыңға күнелтеміз деп қайғырған ана мүмкіндік болса, денсаулығын да түзеткісі келеді. Бірақ жергілікті емхана Шынар дәрігерлік тексерістен толық өтпей тұрып, мүгедектік құжатын ала-алмайтынын айтады. АДАЛИЯТ ҚАЙРАТҚЫЗЫ №36 Емхананың бас дәрігерінің орынбасары – Анализбен Экг-сімен ғана больницияға жатқыза алмаймын. Мысалға мен қазір эндокренологқа жатқызу үшін бұл кісінің аяқтарының үздігі нижних конечности дейді соған түсіруім керек. Ондай аппарат біздің өзімізде жоқ. Біз басқа организациямен договорға отырмыз. Ал теларна келгенде ғана Шынардың шағымын тыңдауға келген жергілікті әкімдік, бұған дейін бұл мәселені онлайн тыңдаған екен. Құлақтары естігенімен, көздері бүгін көріп отырған әлеуметітк сала мамандары Шынарға жуық арада баспана іздейміз деп ақталды. ЕРКІН САҒИТЖАНҰЛЫ, Наурызбай ауданы әлеуметтік сала бөлімінің басшысы: – Жаңа пәтерге ауыстырған жағдайды пәтердің бастапқы үш айын демеушілер өздері көтеретін болады. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші: – Қозғалысым қиындап, ені 3 шаршы метр болатын мынау аядай бөлмеден кіріп шығуымның өзі мұң болды деген Шынар Айбасова енді басқа пәтерге көшіріп берсе дейді. Ал әкімдік бүгін-ертең пәтер мәселесін шешіп береміз деп уәде етіп отыр. Әлібек Шынтемір Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще