Депутаттар жаңа туған әр нәрестеге 4 миллион 200 мың теңге беруді ұсынды HD
Қазақстанда миллионға жуық бала, яғни әр алтыншы бүлдіршін кедей отбасында тұрады екен. Сондықтан депутаттар Қазақстанда өмірге келген әр балаға ана капиталы ретінде 4 миллион 200 мың теңге беру керек деп отыр. Сондай-ақ олар ақылы декреттік демалысты екі жылға дейін созу туралы үкіметке ұсыныс айтты. Ал нәрестенің бір жасына дейін төленетін 16 801 теңгені ең төменгі күн көріс деңгейінің сомасына дейін көтеру керек деді. ЖӘРДЕМІ АЗ ЖӘРДЕМАҚЫ Дүниеге келген әр баланың сұрауы бар екенін қиындық екі бүйректен қысқанда түсінген Ақбота үкіметтен көмек күтіп шырылдайды. Төртінші баласын бүгін-ертең өмірге әкелейін деп отырған оның тұратын үйі де жоқ. Қолаңса иіс басқан мына тар бөлмені паналаған Ақбота қарызға белшеден батыпты. Күйеуінің денсаулығы да, тұрақты жұмысы да жоқ. АҚБОТА МЕКЕБАЕВА, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны: – Сұрайтыным осы пособияны кішкене көтерсе екен, пособия берсе екен, қарастырса екен кішкене жағдайымызды. Мектепке баратын болсақ киімдері де жоқ. Жалпы соңғы жылдары аналардың зар илеп биліктен көмек сұрауы қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Бірі - жиналып министрліктер үйін жағаласа, енді бірі - "Нұр Отанның" есігінен сығалап жүр. Ал күні кеше мүмкіндігі шектелген балалардың аналары елорда әкімдігіне басып кіріп, шығарға жаны қалмастан шырылдап жәрдем сұрады. Ашынған әйелдердің зары депутаттарға енді жеткендей. Бүгін парламентте ана мен бала мәселесі біраз талқыға түсті. АЙЖАН СҚАҚОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Бала күтіміне арналған жәрдемақыны ең төменгі күн көріс деңгейіне дейін көтеру керек. Ақылы декреттік демалысты екі жасқа дейін созу керек, өйткені бала балабақшаға тек екі жастан алынады. Әр баланың жеке тұтынушылық себетін жасау керек. Оған баланың толық дамуына қажет заттардың барлығын қосу қажет. Сондай-ақ депутаттар әр министрліктен бір берілетін әлеуметтік көмектің ешқандай нәтижесі жоқ екенін айтты. Сондықтан Ерлан Смайылов "Ана мен бала дамуын инвестициялау" ұлттық жобасын іске асыру керек деген ұсыныс айтты. Сөйтіп ана мен балаларға беріліп жатқан барлық көмек түрлерін бақылауға алу қажет дейді депутат. ЕРЛАН СМАЙЛОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Из практических мер, целесообразным представляется введение в стране материнского капитала в виде государственной выплаты гражданам Казахстана за рождение каждого ребенка, в размере 4,2 млн тенге. С целевым использованием этих средств на приобретение жилья и улучшения жилищных условий семьи, образование ребенка, пенсионных накоплений матери. ГҮЛНАЗ САЙЛАУҚЫЗЫ, тілші: – Депутаттар сотталғандарға бір айда 88 мыңнан артық сома жұмсалатынына да наразы. Айтуларынша, бұл балаға төленетін бір айлық жәрдемақыдан 5 есеге көп екен. Сондықтан мәжілісмендер Мәминге сауал жолдап, мәселені тез арада шешу керек деген талап қойғандай болды. Гүлназ Сайлауқызы, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Похожие видео
Показать еще