Екпе алмаған үшін салынатын айыппұл - конституциялық құқығымызды шектей ме? HD

12.10.2021
Жұмысшының екпе алмағаны үшін кәсіпкерлер жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болса, ең бірінші болып тамақтану орындары жаппай жабылады. Өйткені, дәл осы секторда еңбек ететін жұмысшылардың ай сайын 30 пайызы ауысып отырады екен. Іскерлер, Денсаулық сақтау министрінің бұл бұйрығы азаматтардың конституциялық құқығын шектейді дейді. ГҮЛМИРА МАЙҒАРИНА, кәсіпкер: – 10 пайыздай сондай адамдар бар. Вакцина алмаймын дегендер де бар, метотвод справка әкеліп жатқандар да бар, пцр-тест әкеліп жатқандар да бар. Это его конституционное право. Біз оған ешнәрсе айта алмаймыз. Кәсіпкер нәпақа табуы үшін бұл талаптан айналып өтудің барлық амалын қарастырады дейді мамандар. Нәтижесінде, бизнес көлеңкелі экономикаға кетеді. Сән салондары да пандемия басталғалы үндемей-ақ үнемдеудің әрекетіне көшкен. МАХМҰДЖАН ТҰРСЫН, Қазақстандағы сұлулық индустриясы қауымдастығының президенті: – Пандемияға дейін бір ғана Алматыда 5 мың сән салоны болатын. Қазір 30-40 пайызы жабылды. Көбі үйге барып қызмет көрсетіп жүр. Сән салондарында жұмыс істейтін қызметкерлердің 90 пайызы екпе алған. Бірақ, вакцина алуға болмайды деген анықтаманы түрлі себеппен ала алмай жүргендер де бар. Бізге енді айыппұл сала берсе, бизнес ашық жұмыс істеуден қашатын болады. Жаппай айыппұл салу басталмай жатып, сотқа қазірден шақырылып жатқан кәсіпкерлер де бар. Қалай ақталсақ та, айналып келгенде кәсіпкер кінәлі. ВЕРОНИКА НҮРПЕЙІСОВА, ҚР қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі: – Еліміздің Оңтүстік және Солтүстік өңірінде екпе алмағаны үшін жұмысқа алмаған кәсіпкерді сотқа берген азаматтар бар. Кәсіпкер екпе салдырмағаны үшін азаматты жұмысқа алмаса, онда өзі Еңбек кодексіне сәйкес айыппұл төлейді. Ал ертеңгі күні тексеріс болса қызметкерлердің екпе алмағаны үшін 640 мың теңге айыппұлды тағы да біз жұмыс беруші төлеуіміз керек. Қазақстанның Бас прократурасының екпе бойынша тексеріс жүргізу заңсыз деген жауабы бар. Кәсіпкерлер, пандемияның кесірінен шағын және орта бизнестен түсетін салықтық түсімдер 50 пайызға төмендеп кеткеннен кейін, Үкімет айыппұл өндірудің амалына осылай кірісіпек деп топшылайды. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

Похожие видео

Показать еще