Бас қаладағы Абу-Даби плазаны салып жатқан компания жұмысшылары айлықтарын әлі даулап жүр HD
Бүгін Нұр-Сұлтандағы Абу-Даби плазаны салып жатқан шетелдік құрысшылардың тамағын пісіріп, кір-қоңын жуатын жұмысшылары "жыл басынан бері жалақымызды ала алмай" отырмыз деп шағымданды. Оларды жалдап отырған компания 4 ай бойы "күтіңдер" дегеннен басқа нақты жауап бермепті. Депутаттар әзірге жәрдемдесе алмауы мүмкін. Өйткені, әуелі осы жұмысшыларға жалақы беріп келген мердігер компания директорының қайда екенін әкімдіктегілер анықтап алуымыз керек деп отыр. Ал күндіз-түні, екі ауысыммен жұмыс істеп келген 150 азамат қазір әр жақта, әркімге жалданып, жан бағып отыр екен. ТЫНЫШКҮЛ БАЛҒОЗИЕВА, жалғызбасты ана: – Шетелдіктер Қазақстанда жүріп, ақымызды қазаққа бермейді. Аха. Неге бермейді? Не үшін? Айтыңдаршы? Біз еңбегімізді алуымыз керек. Бәріміз квартирада жасаймыз. Бәрінің кредиті бар, бала-шағасы бар. Жиналғандардың айтуынша мына жатақханада тұрған шетелдік жұмысшыларды құрылыс компаниясының басшылығы қонақүйге көшірген. Сондықтан "Абу-Даби плаза секілді миллиардтық нысанды тұрғызып жатқан шетелдік компанияның бізге төлейтін ақшасы жоқ дегенге сенбейміз" дейді. ҚОРЛАН ТОҚАЖАНОВА, жұмысшы: – Индустар да 5 ай айлық алмаған. Біз естідік. Оларға да бес ай төлемеген. Бірақ олардың шумы шықпасын деп оларды Тенгри деген гостиницаға жатқызып қойған. Ақша жоқ деп отырған кезде арабтарда Тенгри отель қаншама қымбат екенін білесіздер ғой. Еще оларға бүгін аванс береді деді. Жыл басынан бері бұл мәселеге құлықсыз болып келген құрылыс компаниясының басшылығы бүгін ғана өкілдерін жіберді. Бұл мәселеден хабарсызбын, бірақ енді шешіп беремін деп уәде берді. ІЛИЯС МӘУЛЕНОВ, Құрылыс компаниясының өкілі: – До этого я не знаю. Мне сейчас только информация поступила. Давайте будем решать проблемы по мере поступления. Ал, әкімдіктегілер қазір 150 жұмысшының айлығына жауапты мердігердің қайда екенін анықтап жатырмыз деді. ЕРЛАН СМАҒҰЛОВ, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары: – Қазіргі таңда компания директоры Нкубе Татьянаның қайда жүргенін анықтап жатырмыз. Жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, берешегі расталса қайтарып беруіне ұйғарым шығарамыз. Жұмысшылар: "Мәселеміз шешілмесе жоғарғы сотқа дейін шағымданамыз" деп отыр. Ал, 150 адамның айлығын "Спешл Фуд" компаниясы төлей ме әлде "Арабтек" холдингі ма? Ол жағы әзірге белгісіз. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #АбуДабиПлаза #жалақы_жыры