Алматы облысында басшысының жеке жұмыстарын істеуден шаршаған жұмысшылар шу шығарды
Алматы облысында Көксу аудандық жылу қазандығының жұмысшылары басшының жеке жұмысын істеп шаршағандарын айтады. Азаматтар аудандық мәслихаттың білдей бір депутаты болып отырған бастықтарының бассыздығы шектен шықты деп отыр. Сөздерінше, олар тіпті басшының егістік басындағы жеке шаруаларын да істейді екен. Ал келіспесек жұмыстан шық деп қорқытады дейді. Көксу орталықтандырылған жылу қазандығының жұмысшылары осылайша басшыларының тапсырған әрбір жеке жұмысын видеоға түсіріп отырған. Тек жұмыстан айырылып қалмас үшін бәріне шыдап келеміз дейді. СЫРЫМ БЕКТҰРОВ, Көксу орталықтандырылған жылу қазандығының жұмысшысы: – Поляда тас теріп жүрдік, Көксу жылудың полясы емес қой. Міне жігіттер тұр ғой, жігіттер айтпайды қорқады, жұмыстан шығып кетеміз бе деп қорқады. Бала - шағасы бар бәрінің. ВЛАДИМИР БУЗЕНУС, Көксу орталықтандырылған жылу қазандығының жұмысшысы: – Магазины его полки делаем. Отопление делаем, делаем стадионы, но деньги не получаем. Жұмысшылар мемлекетке тиесілі мекемені бастығымыз өзінің жекесіндей қолданып жатыр дейді. Біздің түсірілім тобы барғанда да мекеменің ауласында жылу қазандығына мүлдем қатысы жоқ жұмыстар атқарылып жатқанын бас инженердің өзі де мойындады. МҰХТАР СӘРСЕНОВ, Бас инженер: – Менің досым например. ТОО организатор. Попросили. Ал Қуат Жүнімсов жұмыс орнында болмады. Телефон арқылы хабарласқанымызда жұмысшылардың барлық айтқанын жоққа шығарды. Ешкімді жеке жұмысымды істеуге мәжбүрлеп көрмедім дейді. Эфир алдында қайта хабарласып, ертең сұхбат бере алатынын жеткізді. Ал әкімдік жұмыстан шыққан жұмысшылардың мәселесін қарастырамыз дейді. АЙДОС КӨКЕТАЕВ, Көксу аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы: – Жеке өзінің жұмыстарына салады деген ешкімнен арыз шағым түскен жоқ. Бұл мәселеден беймәлімбіз. Естіген жоқпыз. Бүгін осындай мәселе көтеріліп отыр екен. Алдағы уақытта толыққанды қарастырылып, қағаздарын талқылайтын боламыз. САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші: – Көксу жылу қазандығының басшысы өзінің жеке жұмысын істетеді, өзінің қызметтік бабын пайдаланады деген жұмысшылар тікелей Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан көмек сұрап отыр. Себебі, Көксу жылу қазандығының басшысы Қуат Жүнісов Көксу ауданының депутаты екен. Жақында ғана праймеризден өткен, және жақында қайта сайлауға түседі екен. Сондықтан қарапайым жұмысшылар мұндай тұлғаға күшіміз келмей қалады деп қорқады. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31