Үш жаңа облыстың су жаңа әкімдері алғашқы жұмыс күнін қалай өткізді? HD

13.06.2022
Төрт облысқа тағайындалған жаңа әкімдер жұмыстарын бастап кетті. Өткен сенбіде Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының, Нұрлан Ұранхаев Абай облысының, Бейбіт Исабаев Жетісу облысының, ал Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалған еді. Жаңа міндет артылған облыс басшылары алғашқы жұмыс күнін қалай өткізді? Олардың қандай жоспарлары бар? Өңірлердегі тілшілер біліп көрген еді. Әріптестер... ДИАНА САПАРҚЫЗЫ, Тілші: – Ұлытау облысына әкім болып тағайындалған Берік Әбдіғалиұлы алғашқы жұмысын демалыс күні бастап кетті. Бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған тәжірибелі шенеунік кеше басына кепка, үстіне қарапайым киім киіп облыс орталығы Жезқазғанның біраз көшелерін аралап шықты. Әкім жаңа салынып жатқан құрылыстардың қарқынымен танысыпты. Ал бүгін аппарат жиналысын өткізіп, жаңа облыстың әкім аппараты мен құзырлы мемлекеттік мекемелерді жасақтау, кадр мәселесі және қаражат бөлу рәсімдерін шешу үшін жұмыс тобын құрды. Әкімнің айтуына қарағанда өңірдің бюджеті шағын болмақ, сондықтан алғашқы күннен бастап әр тиынды үнемдеп есеппен жұмсаймыз деді. Сәйкесінше, жаңа облыстың құрылымдық бөлімдері де шағын болып, ең көп дегенде 250 адамды қамтиды. Лауазымды орындарға бірінші кезекте жаңа облыс аумағындағы бұрыннан бері мемлекеттік қызметте істеп жүрген азаматтар тартылмақ. Оған қоса басқа өңірден келемін деушілерге де екі қолға бір күрек табылады. Оларға мемлекеттік қордан тұрғын үй де беріледі. БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, Ұлытау облысының әкімі: – Қарағанды облысында қаншама басқарма бар, солай деп құрмаймыз. Бізде өзіміздің қаражатымызға байланысты қазір үнемдейміз. Өте шағын болады. Аппарат шағын болады. Және бірнеше басқармаларды біріктіреміз. Бұдан өзге Берік Әбдіғалиұлы күн тәртібіне жол мәселесін шығарды. Яғни Қызылорда-Жезқазған жолын жөндеуді биыл бастауды үкіметтен талап етпек. КеН орнына жақын елді-мекендердің экология мәселесін де көтермек. Жаңа әкімнің шаруасы көп. Үш күннен кейін өңірде өтетін алғашқы Құрылтайға қызу дайындықты бастап кетті. ДИНАРА ЕРБОЛҚЫЗЫ, Тілші: – Абай облысына әкім болып тағайындалған Нұрлан Ұранхаев та демалыс күні ел қатарлы демалмапты. Кіндік қаны тамған Семейді аралап, қаладағы тозығы жеткен көшелерді жөндеуді тапсырған. Ал бүгін аппарат жиынында қалада бейнекамералар орнату және бірыңғай бақылау қызметін құру туралы бірқатар тапсырмалар берген. Әкім болып тағайындалған күні Нұрлан Ұранхаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи шешіміне ризашылығын білдіріп, Абай облысының Қазақстан картасына енуімен құттықтады. Сондай-ақ ол артылған сенімді ақтап, өңір халқының тұрмысын түзетуге күш салатынын жеткізді. Ең бірінші кезекте Семейді жасыл қалаға айналдырып, қаланы абаттандырмақ ниетте. НҰРЛАН ҰРАНХАЕВ, Абай облысының әкімі: – Қаланың тозығы жеткен. Инженерлік коммуникация жүйесін, парктер мен алаңдарды, аулаларды, тұрғын үй құрылысын қалпына келтіру, абаттандыру аса өзекті мәселе. Сонымен қатар Семей қаласында жылу электр орталығын салу туралы сұраққа қайта оралу қажет. Айта ке

Похожие видео

Показать еще