Бір жасыңызбен! Қазақстандықтар «Амал» мерекесін тойлап, бір-бірімен көрісіп жатыр HD

14.03.2022
Бүгін қазақстандықтар «Амал» мерекесін тойлап, бір-бірімен көрісіп жатыр. Өйткені, жер бетіндегі тіршілік атауы жаңарып, Амалмен бірге жаңа жыл келеді. Бұл күнді әсіресе батыс жұрты асыға күтеді. Қыс бойы бір-бірінің амандығын біле алмай, сағынған ел осы 14 наурыз күні жақындарына көрісіп барады. Жаңа елдің көктемі батыстағы жұрттың "Амал" мерекесімен басталып жатыр. Бұл күні Маңғыстаудағы Отпан таудың басында "Бірлік оты" жағылып, жасы кішілер үлкендермен көрісуге барады. Ал Нұрнияз Мұқанов ақсақалға биыл сыйлас, әріптес, тума-туысы арнайы келіп көрісіп жатыр. Көптен көрмеген жақындары жиналып, мәз-мейрам боп бір-біріне амандық тіледі. Қария өзіне көрісіп келгендерге бата беріп, лебізін арнады. НҰРНИЯЗ МҰҚАНОВ, тұрғын: – Мына жылдан аман шықтық, Амал мерекесі, амалдап шықтық деп тойлайды. Жерден қар кетіп, күннің шуағы жерге түсіп, жер бүкіл адамзат баласына беретін нәрлі заттардың бәрі бастау алатын уақыт. Сондықтан мұны ерекше қастерлейді. Мынау жаңа Қазақстан деген бастаманы өте құптаймын, қолдаймын. Еліміз әр уақытта тыныш, сол тыныш бола береді ғой деп ойлаймын. Амал мерекесі тек Маңғыстау облысында емес, еліміздің басқа да өңірлерінде тойланады. Мәселен, Ақтөбеде жастар көшеде кездескен адамдармен көрісіп жатты. Қоғамдық көліктерде жолаушыларды мерекемен құттықтап, ән айтып, би билеп мерекелік көңіл-күй сыйлады. НҰРДӘУЛЕТ МҮКЕЕВ, тұрғын: – Бұл күннің ерекшелігі араздасқан адамдар бірі-бірімен татуласып, төс қағыстырып, бір-бірінен кешірім сұрап, кешіріп, кешірім мерекесі. Бұл амал мерекесі ынтымақтың, бірліктің мерекесі. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында өкпе-реніш пен араздық ұмытылады. Күні кеше Отпан таудың басында халық Амал мерекесі қарсаңында қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға құран бағыштап, құрбандық шалды. Махаббат Нұржанқызы, Жанар Қожанова, Фархад Шадкам Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Көрісу #Наурыз #ЖаңаЖыл

Похожие видео

Показать еще