Кез келген толқу бірінші кезекте сырттан келетін инвесторлардың үрейін алатыны жасырын емес HD
Кез келген толқу бірінші кезекте сырттан келетін инвесторлардың үрейін алатыны жасырын емес. Осыған байланысты экономистер мен заңгерлер "Сингапурлық медиация конвенциясын" қабылдау керек деген бастама көтеріп жатыр. Себебі бұл құжат іскерлердің қаржылық дауын бітімгер арқылы шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан "Қаңтар оқиғасынан" кейін инвестициялық ахуалды жақсартуды бірден күн тәртібіне қойды. Экономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін инвесторлардың басым бөлігі шикізат өндіруге қаражат құйып келген. Бірақ қазір бізге керегі дайын өнім шығаратын кәсіпорындарды көптеп іске қосу. Экономист "Алыс елдердің үрейі басылғанша, тәуекелге барып тұрған көрші мемлекеттің іскерлерін ұтымды пайдалану керек" деген пікірде. САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, экономист: – Қаңтар оқиғалары енді теріс әсер етті. Оны естіген инвестролар келуден бұрын 100 рет ойланып-толғанып көреді. Ал енді оларды өзгерту үшін не істеуіміз керек? Президенттің Ресеймен, Қытаймен өте жақсы байланыстарын пайдалануымыз керек. Әрине Еуропаның, Американың, Кореяның, Жапонияның инвестициясы керек. Бірақ бүгінгі күні Ресей мен Қытайдың өзі инвестиция салуға ынта білдірсе біз оғар қарсы шықпауымыз керек. Қарсы шықпақ түгілі, серіктестер арасындағы дауды медиация жолымен шешуді жолға қоюымыз қажет деген заңгер Жанділдә Әжіғалиұлы, 2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған "Спингапурлық конвецияны" Қазақстанның да мақұлдауы керек деп есептейді. Дәл осы құжаттың арқасында іскерлер соттан-сотқа жүгірмей, кез келген дауды бітімгердің араласуымен оңтайлы шеше алатынын айтады. ЖАНДІЛДӘ ӘЖІҒАЛИҰЛЫ, халықаралық құқық қорғау орталығының президенті: – Медиацияның арқасында олардың қолында келісім пайда болады. Келісімде біздің медиация заңы бойынша барлық міндеттемелердің орындалатын уақыты көрсетілуі керек. Мерзімі, қалай орындалатыны көрсетілуі керек. Сосын, орындалмай қалған жағдайда қандай санкциялар бір-біріне қояды? Соның бәрі қарастырылған әп-әдемі келісім дүниеге келеді. Келісімде тараптардың қолдары бар. Ол-құжат. Бұл құжаттың қабылдануына кәсіпкерлер де қарсы емес. Өйткені, бизнес өкілдері арасындағы бәсекелестікке тікелей ықпал ететін коммерциялық құпияны сотта жарияламай-ақ, дау туса бітімгер арқылы келісімге келіп, бизнесті әрі қарай жалғастыруды көздейді. НҰРБЕК ЫРЫСБЕКОВ, кәсіпкер: – Егер конвенция бізде ратификация болса, қазіргі инвестордан 10 есе көп инвестор келетін еді. Осы қазіргі істеп жатқан бизнесімізге де инвесторлар көп, Өзбекстанда істеп жатырмыз жігіттер көп, ақшалары бар, Қазақстанға құйғысы келеді бірақ қорқады. Біріккен ұлттар ұйымында қабылдаған бұл конвецияны осы уақытқа дейін Араб Әмірлігі, Фиджи, Катар, Беларусь, Эквадор, Грузия елдері мақұлдаған екен. Айта кетейік, кәсіпкерлік дауларды медиациялық жолмен шешуге әлдеқашан кірісіп кеткен Балқан елінің іскерлері соңғы 5 жылдың ішінде 100 миллиард доллар үнемдепті. Яғни, бизнес өкілдері қосымша сараптама мен адвокаттарға ақша жұмсамаған. Ал еліміздегі бір ғана халықаралық құқық қорғау орталығына пандемия бас