«Төрт күн бойы азаптады»: Түркістан облысында 17 еркек жасөспірім қызды зорлаған (02.11.21) HD

02.11.2021
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 17 жасар қызды зорлаған 17 еркек әлі күнге дейін бостандықта жүр. Ең сорақысы, «4 күн азапта болдым» деген жәбірленуші өзіне зорлық жасаған тұлғалардың атын атап, түсін түстеп берген. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Сұмдық жайттан кейін өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған жәбірленуші мен оның анасы Almaty.tv тілшісіне сұхбат берді. Бұл жағдай мамыр айында болған. 21 мамыр күні соңғы қоңырауға қамданған бойжеткен бітіру кешіне киім алмақ болып, сыныптастарымен базарға барған. Қайтар жолда таксиге отырған қызды жүргізуші мүлде басқа жаққа алып кетіп, оған су берген. Сол суды ішкен бойда ол есінен танып, өзен бойында жалаңаш күйде оянғанын айтады. «Ең бірінші судың алдында зорлады. Кейін бір үйге апарды. Үйде зорлады, сол жақта да бір жігіттерді. Кейін бақшаға апарды. Қоңырау шалып шақырады да, беріп жібереді. Тағы сөйтіп телефонмен хабарласып, шақыра береді. «Кел, мына жақта қыз бар» деп айтады. Сөйтіп тағы біреулері келеді, көреді, жұмысын бітіреді, кетеді. Шапалақпен ұрды, «Кетсең, өлтіріп суға тастап кетеміз, іздеп те таба алмайды» деді», – дейді жәбірленуші. 4 күн бойы хабар-ошарсыз кеткен бойжеткенді алғашында анасы алып қашқан шығар деп ойлапты. Қызды полицейлер тауып әкелген кезде ғана оның зорланғанын білдім дейді. Олар құқық қорғау органына арыз жазып, кейіннен шағымын қайтарып алған екен. Өйткені, күдікті азаматтар анасына жалпы 8 млн теңге ақша беріп, қызыңды оқуға түсіреміз деп уәдені үйіп төгіпті. Мұны қыздың шешесі жасырмаймын дейді. Бірақ кешірімді алған соң бұзақы жігіттер ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Сөйтіп жәбірленуші тарап олардың үстінен қайта арыз түсірген. Содан бері бірнеше ай өтсе де, істе алда жылжу жоқ дейді олар. «Менің ойымша, тергеушілерге ақша берген, ақша алмаса, мен келгенде Бақытжан ағай неге өйтіп айтады... Сен 5 млн алдың ғой енді... күдігім сол, бәрінің тілі бір», – дейді жәбірленушінің анасы. Бұған дейін осы іс бойынша бірнеше рет сараптама тағайындалған. Бірақ жәбірленушінің қорғаушысы қыз кәмелетке толмағандықтан, ештеңені ашып айта алмайтынын жеткізді. Алайда істің басынан-ақ дұрыс жүргізілмегенін айтады. «Кәмелет жасына толмаған қыз болғаннан кейін, көп нәрсені ашық айта алмаймын. Енді тергеп-тексеру аяқталған соң айтамыз», – деді адвокат Асылбек Қабылов. Қазір бұл жайтқа қатысты зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны енді Сарыағаш ауданы емес, облыстық Полиция департаменті жүргізеді. «Түркістан облысы Полиция департаменті тергеу басқармасы қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Қорытындысы бойынша, нақты процедуалық шешім қабылданатын болады», – деді Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. Ал сараптамаға қажет болған қыздың киімдерін анасы өртеп жіберіпті. Бойжеткен күйзеліске ұшырап, бірнеше рет өзіне қол салмақ болған соң «амалсыздан сөйттім» дейді анасы. Айтпақшы, әлгі 17 жігіттің кейбірі енді бойжеткенге «арызыңды қайтып ал» деп, құда түсіп келіп жатқан көрінед

Похожие видео

Показать еще