Үкіметтен әлеуметтік көмек алатын аналардың балалары мектептегі ыстық астан қағылып отыр HD
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын аналардың балалары мектепте ыстық тамақтан қағылып отыр. Өңірде 90 мыңға жуық шәкірт жауапты басқарма басшыларының салғырттығынан ас-ауқаттан арылды дейді ата-аналар. Сөздерінше, бөлім басқармаға, басқарма министрлікке сілтеп мыңдаған баланың мәселесін шеше алмай жатыр. Төле би ауданындағы мектептерде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына ыстық тамақ ұсынылмайды деген ата-аналардың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Жыл басынан бері шәкірттерге ас-ауқатты қарастырмады деген көпшілік, әлі күнге балаларының білім ұясынан аш оралатынына ашулы. АЙГҮЛ ЕРМЕКОВА, Ата-ана: – Январь айынан бастап біздің балаларға ыстық тамақ берілмеді. Алдында продукты берілетін тұғын, ол да берілмеді. Үш ай бойы сөмкемен ас-ауқат арқалап шаршаған шәкірттердің жайын ойлайтын бірде бір шенеунік жоқ. Осылай деген аналар, арызымызды арқалап, бармаған жеріміз қалмады дейді. АЙГЕРІМ ӘУЕЛБЕКОВА, Ата-ана: – Доп сияқты бізді сілтеп, сілтеп жатыр. Әкімге барамыз, біз жауап бермейміз дейді. Анаған барамыз ол да біз жауап бермейміз дейді. Кімге барамыз енді? Ал бір ғана Төле би ауданында 2 жарым мыңнан астам бала ыстық тамақсыз қалды деген шенеуніктер алдағы айда бүлдіршіндердің қамын жасаймыз деп уәде етті. ӘНАПИЯ ҚАДЫРБЕКОВА, Төлеби ауданы Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы: – 2600 бала бар. Бұл кісілер сол 2600 баланың ата-аналары. Бұны жұмыспен қамту басқармасы да біледі, біздің облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы да біледі. Тиісті шаралар қабылданады. Бөлім басшылығының айтуынша, қазір Төле бидегі асхана мәселесі де мәз емес екен. Өлкедегі 67 мектептің тек 49-да ғана тамақтану орны бар. Ал 4 асхана тіпті апатты жағдайда тұр. Оған Леңгір қаласындағы 4-ші мектептің тамақтану орны дәлел. 2 жылдан бері су толып қалатын асхананың ахуалына мамандар әлі нүкте қоя алмай келеді. Жөндеудің созбаққа салынғаны да сондықтан. Білім мекемелеріндегі осындай жәйттерді жайып салған ата-аналар бұндай өткір мәселеге министрдің араласуын сұрап отыр. Мақсат Жақсыбайұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #наразылық #тегін_тамақ #мектеп