«Киімде гендер жоқ». Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қарсылық акциясына шықты HD

29.10.2021
Бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы "киімде гендер жоқ" деп, білім ордасының маңында қарсылық акциясына шықты. Тіпті ер балалар наразылық шарасына міне мынандай юбка киіп келіпті. Оқушылар осы әрекеттері арқылы бір күн бұрын суицид жасап, қайтыс болған 8 сынып оқушысын еске алып, оған көрсетілген қысымға наразылықтарын білдірген. Бұл акцияны осы Назарбаев мектебінің түлегі ұйымдастырған екен. Ал қаза болған бала "юбка кимеді" деп мәлімдеген мектеп әкімшілігі "өтірік айтып отыр" дейді. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған оқушы өлімінен кейін, «киімде гендер жоқ» деген ұстаныммен ер балалар юбка киіп, оқушылар топтасып осылай суретке түскен. Олар бұл әрекеттерімен мектеп әкімшілігінің қайғылы жайттан бастарын ала қашқандарына наразы екендіктерін білдіріпті. Акцияцияны ұйымдастырушы осы мектептің түлегі Дариға Жаңабаева, өз-өзіне қол жұмсаған оқушыны танитынмын, ашық-жарқын мінезді еді дейді. ДАРИҒА ЖАҢАБАЕВА, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі: – Мен қайтыс болған баламен бір сыныпта оқитын оқушылардан жетекшінің оған мектептегі шарада юбка кигені үшін ұрысқанын анық білдім. Бұл біздің ашу-ызамызды турдырғаны рас. Маған өзге де оқушылардың ата-анасы хабарласып, бізді қолдайтындықтарын айтты. Киім киюде жыныс жоқ, ұлдар шашын өсірмеуі керек, тырнағын бояуға болмайды деген қоғамда шектеулер бар, иә. Бірақ, бұл жай стереотип қана. Сырт киімің мен келбетіңнің қандай болғанына қарамастан қоғамда қадірлі болуға кез келген адамның құқығы бар деген кейбір мектеп оқушылары, ұстаздар тарапынан қысымның бар екенін жоққа шығармады. Оқу ордасында Кеңестік дәуірден келе жатқан тәртіп бар дейді. Сөздерінше, таңертеңнен юбка киіп жүрген балалардың бұл әрекеті сағат 10-нан кейін мектеп әкімшілігіне ұнамапты. Бірақ, оқу орны мектепте форма кию керек деген талап болса да, бүгін оқушыларға еш ескерту айтпадық деп отыр. АҚНҰР БАЙБАТЫРОВА, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының сыртқы істер бойынша орынбасары: – Әлеуметтік желіге олардың суреттерін салуға құқықтары бар, оларға салмаңдар, жібермеңдер деп ешкім ешнәрсе айтып жатқан жоқ. Әкімшілік тарапынан ешқандай қысым болып жатқан жоқ. Оқушылардың сөзінше, бұл наразылық акциясын Назарбаев зияткерлік мектебінен өзге де кейбір мектептердің оқушылары қолдап, жігіттер юбка киіпті. Бас-аяғы 150 бала бұл мәселеге бей-жай қарап отыра алмағанындарын айтады. Кейбір ер балаларға қыздар өз юбкаларын беріп, өзара киім де ауыстырыпты. Әйгерім Ердәулет, Ринат Әбілқайыров Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #НИШ #Назарбаев_мектебі #наразылық #оқушы_өлімі

Похожие видео