ӘЙЕЛДЕР ЕРКЕКТІҢ МҮШЕСІНЕ АППАРАТ САЛЫП ҚОЯДЫ | Кино Шолу | Кино Айтушы HD

17.08.2022
Кино Шолу / Казакша Кино / Киноларға Шолу Фильм: Кримари (2021) Ерлердің киіну бөлмесінде оқыс жағдай орын алып, барлық еркектер құлап қалады. 8 жыл өткен соң жер бетінде тек қана әйел адамдар қалады. Нәзік жандылардың ұйымын құрған Лэйн есімді әйелдің аяғы ауыр. Ол лоторея ұтысын ашық деп жариялайды. Жеңімпазға еркектің сұйықтығы беріліп, нәтижесінде ана атануға мүмкіндік бар. 3 туысқан әрі құрбы қыздар араларындағы Джеймидің ұтып кетуін тілейді. Шынымен лотореядан оның нөмірі шыға келеді. Алайда Алекс есімді құрбысын тәртіпсіздік жасағаны үшін күзетші алып кетеді. Байғұс қыз жаңа ережерге үйренісе алмай, қарсылық білдіруде. Канстанта оны басқа бөлмеге алып келіп, терісінің астына чип салуға әрекеттенеді. Бұл чип адамның есін адастырады. Канстанта мен Алекс бұрыннан таныс болып шығады. Олар сезімге беріледі. Кейін күзетші бұзақы қызға бәрібір чип салады. Алексты құрбыларына әкеліп тастайды. Бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Сондықтан ешкім таңғалмай кереуетке байлап жатқызады. Джейми дәрігер қабылдауына келеді. Ал экранда ана болуға денсаулығы мықты әйелдер ғана таңдалып алынады деп жатады. Сонымен дәрігер Джеймиді қарап, жағдайының жақсы екенін айтады. Бірақ, егер ұл бала көтерсе оның дүниеге келе алмайтынын ескертеді. Алекс өзіне келеді де достарының жазып кеткен хаты бойынша желкесіндегі чипті алуға тырысады. Оны алмаса ой-өрісі қалпына келмейді.

Похожие видео

Показать еще