1000 ЖЫЛ БОЙЫ ОЛАРДЫҢ АУЫЗДАРЫНА АРМАТУРА САЛЫП ҰСТАҒАН / Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу HD

11.06.2022
#киноәлемі #киношолу #казакшакино 1000 ЖЫЛ БОЙЫ ОЛАРДЫҢ АУЫЗДАРЫНА АРМАТУРА САЛЫП ҰСТАҒАН / Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу Фильм: Война Богов: Бессмертные (2011) Сәлем достар! Кино әлеміне қош келдіңіздер! Бүгін біз «Құдайлар соғысы» атты өте қызықты фильмге шолу жасайтын боламыз. Алдымен каналға тіркеліп, қоңыраушаны басып қойыңыздар және пікір қалдыруды ұмытпаңыздар. Ендеше кеттік! Олимпиялықтардан оңбай жеңілген титандар Тартар тауының астына қамалған. Олар жылдар бойы үлкен шаршының ішінде қозғалмастан тұр. Ауыздарымен темірді тістеуге мәжбүр. Бір кезде бетпердесі бар адам келіп, қоршауға садақ атады. Осы сәтте қыз шошып оянады. Бұл түсті көріпкел былай жориды. Түрмедегілерді Гиперион патша босатып жібергелі тұр. Ол үшін патшаға сиқырлы садақ қажет. Адамзат жерге қоныстанбай тұрғанда көкте соғыс болған екен. Тылсым күшке ие жаратылыстар бір-бірін өлтіре бастаған. Сол кезде Арестың жасаған бұл садағы жоғалып кеткен. Оның күші орасан зор. Соғыста жеңгендер титандарды тау астына тұтқындаған. Осылайша мыңдаған жылдар өтіп, соғыс ұмытылды. Алайда әзәзіл шайтан қайта оралды. Біздің заманымызға дейінгі 1228 жыл. Гиперион патша ордаға кіреді. Оны Құдайлардың қаһарына ұшырайсың деп, тоқтатуға тырысқанымен патша өте ашулы еді. Өйткені, Құдайлар оның әйелі мен баласының өліміне жол берген. Өш алу жолында титандарды тұтқыннан босатып жібермекші. Сөйтіп, Құдайлардың билігін тоқтатпақ ойы бар. Тесей атты жігіт теңіз жағасында өмір сүреді. Оны кәрі ұстазы жауынгерлік әдістерді жақсы меңгергені үшін мақтайды. Батыр өзінің жақындарын қорғауға әзір. Басқалар үшін оның түк те құны жоқ. Себебі жұрттың ойынша жігіттің шешесі баласын кімнен туғаны белгісіз. Ол Құдайларға сенбейді. Бар сенері қолындағы найзасы ғана. Осы сәтте елге суық хабар да жетті. Енді адамдар қамалды қорғауға Тартар тауына аттануы тиіс. Бірінші болып кетуге ауқатты адамдар жіберіледі. Ал Тесейді өткізбей қалады. Намыстанған жігіт әскерді жан-жаққа лақтырды. Қолбасшы оның күшіне тәнті болып, әскер қатарына алғысы келді. Бірақ Тесей бас тартады. Сөйтіп ұстазына өзімен бірге баруды ұсынады. Қарт кісі соғысқа жарамсыз болғандықтан елде қалғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Түнде шал «орданың есігі ашылсын» деп әмір етеді. Осы кезде қария Зевсқа айналып шыға келеді. Кіреберістегі мүсін оның қызы Афина болып шығады. Зевс бірнеше жыл бойы адам кейпіне еніп, Тесейді жауынгерлікке үйретіп келген екен. Себебі, жігіт қорқудың не екенін білмейді. Бар білетіні елді қорғау. Тек Тесей ғана Гиперионды жеңе алмақ. Алайда осы жауапты қадамға жігіт өз еркімен баруы керек. Бұл кезде Гиперионның алдына храмның қызметшісін әкеледі. Патша қызметшіден көріпкелдің қайда екенін білмекші. Ал көріпкел оған садақтың қайда екенін тауып беретіні белгілі. Монах ештеңе айтпау үшін өзін өлтіруге дайын. Бірақ, діни сеніміне байланысты монах өзін де, өзгені де өлтіре алмайтынын патша біліп тұр. Амалы қалмаған қызметші тілін кесіп тастайды. Тесей ұстазын іздейді. Еш жерден таба алмайды. Осы уақытта ауыл тұрғындарының

Похожие видео

Показать еще