ЖЕР БИЛІГІ 7,5 МИЛЛИАРД АДАМДЫ ҚҰТҚАРУ ҮШІН АЙДА ӨМІР СҮРЕТІН ҚЫЗДЫ ІЗДЕП ЖАТЫР КИНО ӘЛЕМІ КИНО ШОЛУ HD

27.06.2022
#киноәлемі #киношолу #казакшакино Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу Сериал: Море Спокойствия (5-8 серия) (2021) Топтың барлық адамы тунельге жиналады. Ерлер төмен түсіп, арғы жағында не бар екенін білмек болады. Тунель тағы бір қоймаға апаратын жол болып шықты. Ол жер тіпті картада жоқ. Ғалымдар бұл жерден өздері іздеп келген капсулаларды табады. Керегінше толтырып жинап, басшылықтың жіберетін кемесін сұратайын деп жатқанда оқыстан бір қыз шыға келеді. Ол қатты жылдамдықпен команда мүшелеріне шабуылдай жөнелді. Капсулаларды лақтырғанда біреуіне тиіп, сол жерде мерт болады. Қалғандары түтіктер бар чемоданды ала жүгіріп, люгті жауып үлгереді. Лейтенат Лю жараланған жолдасына қан беремін деген сылтаумен жеке өзі қалады да қалтасынан телефонын алады. Өзінің бастығына соғып, базада болып жатқан жайттың барлығын баяндайды. Капитан Ханг та жермен байланысып, өздері кездестірген қыз туралы айтады. Оның ойынша, қыз өте жас көрінеді және Айдағы сумен өмір сүруге бейімделген секілді. Басшылық одан тез арада арылуды бұйырады. Ханг Сонгқа ақпарат бөліміне барып, әпкесінің мұндағы жұмысы туралы мәліметтерді іздеуіне рұқсат берді. Бірақ барлық мағлұматтар өшірілген болып шықты. Ханг ерекше қызды іздеуге кеткенде Сонг өзінің әріптесімен басқару бөліміне келеді. Онда лейтенант Лю ғалымдардың қатырғышқа салып қойған түтіктерін алып жатыр екен. Жігіт бұл Хангтың бұйрығы деп ақталады. Бірақ әйел мұнда бір гәптің барын сезеді. Анықтауды кейінге қалдырады. Осы кезде шабуыл жасаған қыз келіп, өзіне тиесілі суды алып кетуге әрекеттенеді. Лю оған оқ атқанда түтіктің бірі жарылып кетеді. Жараланған қыз жанұшыра тыпырлай бастайды. Бір кезде бетінде демалуға арналған желбезек пайда болады. Мұндай қасиеттің туабітті берілгені немесе жүре пайда болған мутация екендігін ешкім білмейді. Адамдар таңғалысып тұрғанда қыздың бетіндегі жарасы қалпына келіп, ол тұра қашады. Команда қашқын қызды қолға түсіру үшін жоспар құрады. Лю топ мүшелерінің кеткенін пайдаланып, жуырда қанын берген әріптесін өлтіреді.

Похожие видео

Показать еще