Түпсана ертең 10:00-де болады! Тіркелу➡️87004180802 (тек ватсап) HD
Мен өте қорқақ бала болып өстім..Мектепті бітіретін жылы Семейге Серік Қалиев ағайыммен айтысқа бардым.Поездбен! Плацкартпен! Қапталдағы төсекте үстіңгі қабатта ары-бері өтіп жатқан жұртты бақылап жатырмын... ⠀ Бір кезде төменгі қабатта сыра ішіп отырған екі еркек ерегісіп қалды.Быт-шыт боқтық кетіп жатыр.Бір кезде төбелес басталып кетті де біреуі пышақ алды қолына.Пышақты сермеген сайын қолы мен жаққа кетіп қала берді.. ⠀ Қорыққанымнан ұстазымды іздей бастадым."Ағай " деп айқайлайыншы десем тілім таңдайыма жабысып қалған.. Аяқтарымның сіңірлері тартыла бастады бір кезде.Сонымен жолсеріктер келіп бұзықтарды тынышталды.. ⠀ Бірақ әлгі қорқыныш сезімі менде қалып қойды.Біреу ала көзімен қарай бастаса тілім таңдайыма жабысып жүрегім тарсылдайды. Айдаладағы әйелі мен күйеуінің дауыс шығарып ұрысқанын көрсем де сол.Солай қорқынышты арқалап өте көп жыл жүрдім..Үнемі біреу мені пышақтап кететіндей хәлде жүретінміін... ⠀ Психологияға алғаш келгенде бірінші осы қорқыныштан құтылуды ойладым.. Психологтың көмегіме есіме түскені мынау болды.. Шамамен 8-9 жасымда апам Ақсуаттағы аудандық ауруханаға түсті.. Бір күні апамды сағынып ауруханаға келіп коридорда күтіп отыр едім, кушеткамен қансыраған бір адамды алып келе жатты.. Тамағы осылған, бірақ тірі. Ес түссіз.. ⠀ Менің дәл жанымнан өтіп бара жатқан кезде қорыққанымнан ооындықтың астына кіріп кеттім ау деймін, нақты есімде жоқ... Сәлден кейін апам шыққан кезде "бісміллә, бісміллә" деп таңдайымды басты. Аллаға шүкір өз өзімнен жұмыс жасап жатып қорқыныштардан құтылдым.. ⠀ Қорқыныштың бір жаман жері миға тыныштық бермейді, сенімді азайтады, сабырды тауысады.. Сондықтан қорқып, жылап-сықтап жүре бермеңіз! Тоқтатыңыз! СТОП! ХВАТИТ! Ойыңызды басқарыңыз! ⠀ Сіздерге 2 жаңалығым бар, біреуі жаман, біреуі жақсы.. ⠀ Жаманы...Бүгін басталатын сабақ дәл қазір басталмай қалды.. Себебі хат жазушылардың көптігінен сабақ өтетін парақшаның дайректі ашылмай қалды!!!! ⠀ Жақсы жаңалағым... Сабақ таңертең сағат 10:00-де басталатын болды!!! Яғни, бәріңіз үлгересіздер!!! Алла зейіндеріңізді ашсын! 2020 жылды жеп-жеңіл қарсы алатындарыңызға сенімдімін!!! ❤️ ⠀ Тіркелу үшін +7 700 418 0802 ватсаптағы авасында‼️ ақпарат тұр!