Қазақ сыныбы ашылмаған: Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінен шу шықты HD
Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінен шу шықты. Ата-аналарға оқу жылының басталуына санаулы күн қалғанда қазақ сыныбы ашылмайды деген хабар жеткен. Мектеп директоры мәселені 10-шы сыныпқа баратын бала саны аз деп түсіндірген. Сондай-ақ, арнайы құжатқа сай бір сынып ашылу үшін кемінде 25 бала болуы керек деп отыр. Елорададағы Төлеген Айбергенов атындағы №16 мектептің оқушылары оқу жылының басталуына қызу дайындық үстінде. Алайда бұл қуанышты сәт 12 оқушыға бұйырмауы мүмкін. Өйткені 10-сыныпқа баруы керек болған балаларға оқу жылының басталуына санаулы күн қалғанда қазық сыныбының ашылмайтыны туралы айтылған. Өткен оқу жылында дәл осы сыныпты 19 ғана бала бітірген екен. Оның бесеуі колледжге түсіп кетсе, ал кейібірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ. Сондықтан да 12 бала үшін "қазақ сыныбы ашылмайды" деген хабар жеткен. Ата-аналар болса мектеп тарапынан ертерек ескерту бірілген жоқ деп ашулы. Ал, жақын маңда орналасқан екі мектепке барған олар, "оқушы саны толық" деген жауап алған. ЛАУРА АНДАСОВА, ата-ана: – Бізге сыныптың жабылуы туралы айдың аяғында айтылып тұр. 27-сіне қарай. Документ жайында да. Бізге басында айтылған жоқ, мамыр айында. Осы августің 17-сінде айтылды документ тапсырыңыздар деп. Және сыныптың айшылмайтыны, болмайтын туралы осы айдың соңында айтылып тұр. Ал, мектеп директорының айтуынша, нормативтік құжаттар бойынша бір сынып ашылу үшін 25 бала болуы керек екен. Құжатқа сай, кей жағдайда 20 бала болса да болады дейді. Ендігі жерде мәселені шеші үшін директор жақын маңдағы мектептерден оқушы шақырып, бала санын көбейтпек. Әзірге 12 бала үшін де сыныпты ашамыз деп отыр. СӘУЛЕ ӘЗІМХАНОВА, Т. Айбергенов атындағы №16 мектептің директоры: – Енді біз білеміз ғой, жергілікті жердің жағдайына байланысты, өндірістік қажеттілікке байланысты егер де жергілікті мемлекттік органдары шешетін болса, қаражат тауып онда ол сыныпты 12 баламен де ашып беруге болады екен. + 03:30 Бізге айтып отыр 12 балаға ашып бере аламыз деп отыр. Тек қана заявление қабылдаңыздар деді. Енді біз қабылдаймыз заявление. Сонымен, "далада қаламыз ба?" деп алаңдаған 12 оқушы ертең ел қатарлы мектепке баратын болды. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ҚазақСыныбы #мектеп
Похожие видео
Показать еще