Қыз туралы мақал-мәтелдер HD
Қыз - қонақ. Қыз - әкесіне жұлдыз, шешесіне күн. Қыз бала - өріс. Қыз - ауылдың көркі, Құндыз болса, бөркі. Қыз жоқ жерде қызық жоқ. Қызға бергенді Қыдыр өтер. Қызға бергенді қыз өтер. Қызды ауыл көңілді. Қыз қылығымен жағады. Қыз: «Қуыршақ», - дейді, Ұл: «Құлыншақ», - дейді. Қыздың қырық жаны бар. Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Қыздың тамағы қылдай. Қызым үйде, қылығы түзде. Қызға қырық жерден тыйым, Қырық үйден қарауыл. Қыз қылығынан. Қызды ауыл өсекшіл. Қызды қартша сына, Атты жігітше сына. Қыз көрейік, қыз көрейік, Қыз көретін жігітті біз көрейік. Қызы бардың - көзі бар, Ұлы бардың - өзі бар. Қызды таныс алады, Таныс алмаса, қоныс алады. Қызыңды жеріне бер, Жер ыңғайы келмесе, еріне бер. Қызды ауылдың иті жатпас. Қыздың қызылы қашса, Жігіттің қызығы басылады. Қыз келіннен ғибрат алсын, Ұл елінен ғибрат алсын. Қыз өссе - үйге жұт, Ұл оссе - үйге құт. Бір жақсы қыз, Екі жаман ұлға татиды. Астың дәмін тұз келтірер, Ауылдың сәнін қыз келтірер. Жерді шым, елді қыз біріктіреді. Суды құм бөгейді, Дауды қыз бөгейді. Судың түбін шым бөгейді, Даудың түбін қыз бөгейді. Қой жүрген жер - береке, Қыз жүрген жер - мереке. Ақылды қызға ана көп, Аяулы жанға пана көп. Алқатсаң, алқат қызыңды, Ақтар ол дәм-тұзыңды. Күзгі күннің көзіне қызыңды қой, Көктемнің күніне келініңді қой. Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі. Қыздар, сәулем, толғанда жүріс түзер, Жүріс түзеп жігітке көзін сүзер. Бесін болса, күн тұрмас, Күйеу келсе, қыз тұрмас. Арпа берсең, атқа бер, Күтірлетіп шайнасын, Қызды берсең, жасқа бер, Құшақтасып ойнасын. Бір қыз күйеуге шықса, Қырық қыз түс көреді. Біреу қыз алып қашады, Біреу қызығына қашады. Шыққан қыз шиден тысқары. Теңін тапса, тегін бер. Қалыңсыз қыз болса да, Кәдесіз қыз болмайды. Қыздың баласындай, қолдың саласындай. Қысыла-қысыла қыз болдым. Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады? Қымызды кім ішпейді, Қызды кім айттырмайды. Қатты айтқан қарындасқа жақпайды. Ac таңдасаң, аяғына қара, Қыз таңдасаң, анасына қара. Күндес көргеннің қызын алма. Көп беріп, көргендіден қыз алсаң, Тік тұрып, мейманыңа қызмет етер. Аз беріп, көргенсізден қыз алсаң, Байының қойнына бір жатқанын міндет етер. Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар, Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар. Ханның қызы шөміш ұстаса, Қолын күс басады. Ондай-ондай хан қызында да болады. Боқшасында боғы жоқ, Қызының атын Маржанбике қойыпты. Тұзды көп сақтама, су болады. Қызды көп сақтама, күң болады. Қой көрмесек те қи көрдік, Ешкілі байдың қызы едік. Қисық болса да, жол жақсы, Долы болса да, қыз жақсы. Саз болса да, жаз жақсы, Соқыр болса да, қыз жақсы. Қарты бардың хаты бар, Қызы бардың назы бар. Өзі болған қыз төркінін танымас. Төркін десе, қыз төзбейді, Көкпек десе, түйе төзбейді. Қыздан туғанның қиығы жоқ, Туыс қылудың қиыны жоқ. Екі қыздың баласында туыстық жоқ, Туыс қылам деудің дұрыстығы жоқ. Ұлға отыз үйден тыйым, Қызға қырық үйден тыйым. Тауықты
Похожие видео
Показать еще