Үйлерінің дәл қасын қоқыс полигонына айналдырып берген әкімдікке тұрғындар өкпелі HD

22.04.2021
Ақтөбеде қала шетіндегі Ақжар ауылы тұрғындары үйлерінің дәл қасын қоқыс полигонына айналдырып берген әкімдікке өкпелері қара қазандай. Өйткені жергілікті билік ауылдарының шетіне қыс бойы қалада жиналған қарды төгуге рұқсат беріпті. Қазір қар еріп кеткенімен, орнында қармен қоса шығарылған қоқыс қалған. Ел жаз сайын гүл өсетін жазықты қолдан бүлдірген шенділер енді төккен қоқыстарын өздері тазартып берсін деп талап қойып отыр. Тұрғындар үйлерінің қасындағы мына жазық далаға қаладан шыққан қар наурыз айы басталысымен күндіз түні тынбастан төгілгенін айтады. Қармен бірге қоқыстың да бірге шығатынын сол кезден біліп, әкімдікке бірнеше рет шағымданданыпты. Бірақ тыңдаған адам болмаған. Қазір үйлерінің қасында үйілген қоқыс желмен ұшып, ауылға тарап жатыр. Ал күн жылынса нағыз қоқыс полигонына айналады дейді. БАҚЫТЫЛЫ САРТОВА, тұрғын: – Төрт жыл бұрын мына төмендегі ойға әкеліп төкті. Ойда болған соң біз үнсіз отырдық, қанша жыл. Сливной пункт ашып берді. Біз үнсіз отырдық. Енді міне қырдың басына әкеліп биыл снежный полигон жасағанда біздің жан айқайымыз шықты. ТҰРАРБЕК ӘЖІБАЕВ, тұрғын: – Гүл түгілі шөп өспейді енді. Бұл жерді ертең алып кетеді менің ойым бойынша мына пакет, нелерді алып кетеді. Ал мына мусор қалады. Бізге ондай керек емес. Кәдімгі грейдермен қырып алып кетсін. Ал әкімдіктегілер Ақжар ауылының маңына қала көшелеріндегі қарды шығару үшін уақытша полигон жасағандарын мойындап отыр. Бұл суға кетудің алдын-алу үшін жасалған шешім дейді. Алайда қар ерігеннен кейін орнында қоқыстың қалғанын бірінші жоққа шығарған шенді, кейін есіне түсірді. БАҚҰЗАҚ ДАРИН, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары: – Ол жерде қоқыс жоқ. Мен сізге айтып тұрмын ғой, ашық алаңға біз қарды шығардық. Мысалға ол уақытта қоқыс көрінген жоқ. Біз қарды шығардық, тап-таза, әппақ қар. Ол кезде қоқыс болған жоқ. Бірақ қоқыс болады деді. Біз шығып, түсіндіріп айттық оларға. Әкімдіктегілер ауыл маңына қанша тонна қардың төгілгенін білмейді екен. Ал қармен бірге шығарылған қоқысты мамыр айының біріне дейін тазартып береміз деп уәде етті. Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #қоқыс #Ақтөбе #тұрғындардың_өкпесі

Похожие видео

Показать еще