Вагондағы өмір: тұрғындар апатты деп танылған баспаналарына ұсынылған өтемақымен келіспейді HD
Ақтөбеде вагонда тұратын 24 отбасы шенеуніктердің шығарған шешіміне наразы. Олар апатты деп танылған баспаналарына деп ұсынылған өтемақымен келіспейді. Әкімдік 24 жанұяның әрқайсысына үй алу үшін тек бір миллион теңгеден астам қаражат ұсыныпты. Тұрғындар "Мұндай ақшаға үйді босатпаймыз" деп бекініп отыр. Ал шенеуніктер бөлмелердің құнын өздері емес, арнайы мамандар есептеп бергенін, бұдан басқа әр тұрғынның бас басына пәтер алып беретін мүмкіндіктерінің жоқ екенін айтады. Мына қаңылтырмен қапталған барак үй осыдан елу жыл бұрын геологтарға уақытша тұрақ ретінде салынған. Кейін бұл вагондар ақтөбеліктерге баспана ретінде беріліпті. Жылдар бойы жаңа қонысқа көшуді армандаған тұрғындар билік мәселеге араласқанда қатты қуанғандарын айтады. Бірақ сол қуаныштары бүгін су сепкендей басылыпты. ГҮЛЖАХАН ЕСЕНҚҰЛОВА, тұрғын: – Мына қырғын семьяға тұратындай жилье беру керек бізге. Ал олай болмады ма үстіне ақшаны қосу керек. Миллион үш жүзге далада қаламыз ғой қырғын 26 семьяның бәрі. Ақшаны үстіне қоспай, иә болмаса бір жерден квартира бермей біз ешқайда қозғалмаймыз. ӘЛИЯ ЕЛЕУСІНОВА, тұрғын: – Біз мына үйдің орнына тас үй салып береді, этажный үй салады, неше отбасы бар сонша үй салады деп ойлап едік. Онымен бізді осындай жағдайға қалдырды. Енді адамға миллион үш жүз мың деген ақша ма? Ол деген позор ғой. Қазір нормальный жағдайдағы үйді үш миллионға да ала алмайсың. Алайда шенеуніктер тұрғындарға екі ұсыныс жасағандарын айтады. Егер өтемақыға келіспеген жағдайда сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй беріледі дейді. Бірақ ол үйлердің қашан салынып бітетінін өздері де білмейді. БАҚҰЗАҚ ДАРИН, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары: – Біздерден ешқандай ақша қосылмайды. Тек осы екі жол. Иә қаржысын алады бағаланған, болмаса жалдамалы үйге кезекке тұрып, рәсімдеп, сосын жалдамалы үй қарастырылатын болады. Осылайша әкімдіктегілер тұрғындардың басқа ұсыныс жасалмайды дейді. Өйткені әкімдіктің тұрғындардың әрқайсысына үй алып беруге шамасы да, қаражаты да жоқ екен. Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #вагондағы_өмір #баспана
Похожие видео
Показать еще