Оңтүстiк Қазақстан облысында төртем дүниеге келді

18.03.2014
Оңтүстiк Қазақстан облысында төртем дүниеге келді. Үш қыз бен бір ұлды өмірге әкелген әйел Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны. Төрт бірдей сәбидін бауырына басқан жиырма сегіз жастағы бақытты ана, міне. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны жеті айлық 3 қыз, 1 ұлын ота арқылы өмірге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің салмағы 1200 -ден 1590 грамға дейін. Қазіргі таңда сәбилер кювез аппаратына жатқызылып, күтімнің екінші кезеңіне өтіпті. Мамандар олардың да, анасының да жағдайы қалыпты деп отыр. Жеті жасар бір ұлдары бар бұл отбасыға ендігі жерде төртем қосылып, балаларының саны бесеуге жетті. Жас ананың айтуынша, оның әжелері де егіз тапқан екен. Ал ішіндегі шарананың төртем екенін екі айлығында білдік деп отыр. РАБИАЙ ШЕРМЕТОВА, ТӨРТЕМДЕРДІҢ АНАСЫ: -Бірінші рет ешкім сенген жоқ. Кейін барып сенді ғой төртеу екенін. Бақылауда болдым. Ауруханаға жатып тұрдым. Кейін мамам қарады. Аттары Фатима, Хасан, Зухра, Захро. Бір қызығы, мұндай төртем өңірде он жыл бұрын туылған екен. Содан бері енді тіркелген. Ал жыл басынан бері облыс аумағында 12 311 бала дүние есігін ашса, оның арасында бір ғана үшем бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы болса, төртем тапқан анаға енді аудан тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіліп, күтуші берілетінін айтады. Өйткені босанған келіншектің де, оның жолдасының да тұрақты жұмыс орны жоқ болып шықты. САЛТАНАТ ЖАБАҒИЕВА, ОҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: - Нәрестелерге күтім шыққаннан кейін аудандық емхана тарапынан аймақтық дәрігер, аймақтық мейірбике тарапынан күтім жүргізіледі. Сондай-ақ балаларға әлеуметтік күтуші қызметі де көрсетілетін болады. Баспана мәселесі де әлеуметтік көмекке кіретіндіктен, баспана мәселесі де қарастырылу үстінде. Көрсете кететін статистика. Дәл былтырғы жылы өмірге келген он бір миллионыншы қазақ пен он жеті миллионыншы тұрғын да Оңтүстікте тіркелген болатын. Былтыр облыс бойынша 78 233 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде - 111 егіз, 1 - үшем туылған. Ал биылғы дүниенің есігін ашқан балалардың 23-і егіздер болса, ендігі жерде алғашқы төртем де тіркеуге алынды.

Похожие видео

Показать еще