Заманында даналығымен көзге түскен хан Айшуақ Әбілқайырұлының қабірі табылды HD

15.06.2017
Батыс Қазақстан облысында 1797-1805 жылдары кіші жүзді билеген Айшуақ ханның қабірі анықталды. Тың дерек Оралдан шығысқа қарай 40 шақырым жердегі Бекей қорымындағы көне құлпытастарды зерттегенде табылды. Айшуақ Әбілқайырұлы – он сегізінші ғасырдың ортасындағы қазақ-башқұрт шиеленісі кезінде даналығымен көзге түскен, 1771 жылы Еділ торғауыттарымен болған шайқастарда батырлығымен ерекшеленген хан. Мұратбек Жақатов – көне араб әліпбиін танып, оқып, аудара білетін санаулы маманның бірі. Ол бір өзі 2 мыңнан аса құлпытасты зерттепті. Жуырда ғаламтордан үш жыл бұрын жарияланған суретке көзі түседі. Зер салғанда Айшуақ атын аңғарады. Қорымға келгенде құлпытастың ханға тиесілі екені расталады. Мұратбек қажы Жақатов, мешіт имамы: -Төрелердің құлпытастары әсіре сәнделмейді және биік те болмайды. Осындай көлемде болады. Тақуалыққа, асыра байлығын мақтана көрсетпеуге тырысқаны деп есептеймін. Әйтпесе бұлар қандай алтыннан да қабір тұрғызатын халдері болған хандар ғой. Сосын жалпы жазу шығыңқы рельефте болғандықтан, бұл да сол замандағы жақсы қолөнер белгісі. Айшуақ – Әбілқайырдың Бопай ханымнан туған төртінші ұлы. 19-ғасырдың басында 8 жыл Кіші жүздің ханы болған. Тулаған кезеңде туған тұлға туралы түрлі дерек көп. Алайда оның башқұрттармен, торғауыттармен, казак-орыстармен қақтығыс кезіндегі ерлігін, ел үшін еткен еңбегін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Жәнібек Исмурзин, тарих ғылымдарының кандидаты: -Құлпытасы табылуы біздің тарихымыздағы Айшуақ хан өмірінің ақтаңдақтарын анықтады. Ондағы мәтінге сүйенсек, Айшуақ хан 1812 жылы 18 сәуірде 85 жасында бақилық болған. Яғни осыған дейін жазылып келгендей 1719 бен 1724 -1725 жылдары емес, 1727 жылы дүниеге келіп, 1812 жылы өмірден озған. Көне қорымдардағы қалқиған құлпытастар сан ғасырдың сырын бойына бүгіп тұр. Оларды зерттеуді осыдан 5 жыл бұрын жергілікті «Дана» журналының тілшілері бастапты. Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші: -«Құлпытас кілтін ашайық» жобасы бастау алғаннан бері Батыс Қазақстан облысында бейіт басындағы 3 мыңға жуық естелік белгі зерттеліпті. Жүздеген бай-батыр, танымал тұлғалардың және Есім хан, Жантөре хан, Айшуақ хан секілді 3 ханның жатқан жері анықталған. Болашақта бұл жұмыстарды жаңа сапалық деңгейге шығару көзделуде. Өлкетанушы ғалымдардың айтуынша, бұл үшін арнайы ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет. Мемлекет басшысының рухани жаңғыру жайлы бастамасы бұл жұмыстарға тың серпін бермек. Жантас Сафуллин, өлкетанушы: -Бұған көпшіліктің тісі бата бермейді. Араб әліпбиін білгенімен, дұғаларды білмесе, дұрыс аудара алмай қалады. Ал ондағы бір ноқаттың өзі үлкен сөзді өзгертіп жіберуі мүмкін. Сол жерде аудармашылар бас біріктіріп аудару керек. Ол аударылғасын нақты тарихшылардың қолына беріліп, тарихшылар ол деректің бәрін сөйлете білуі керек. Мамандар облыста 30 мыңға жуық көне құлпытас бар екенін айтады. Оларды зерттеу талай тұлғаның жатқан жері табылуына, өңір тарих

Похожие видео

Показать еще