Университет берген дипломдары жарамсыз боп қалған студенттердің күні қараң боп тұр HD
Қызылордада "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтын биыл бітірген 400 студент не жұмысқа тұра алмай, не басқа білім ордасына оқуға тапсыра алмай жүр. Өйткені оларға институттың берген дипломы жарамсыз болып қалған. Ал Білім және ғылым министрлігі күні кеше бұл оқу орнын бас лицензиясынан айырды. Енді жарамсыз дипломмен далада қалған 400-дей студент, кімнен көмек сұрарын білмей дал. Жанар Айтмұрат "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының құқықтану мамандығына 2017 жылы оқуға түскен. Бұл білім ордасынан диплом алу үшін 4 жыл оқып, оқу ақысына 1 млн теңгеге жуық ақшамды төледім дейді. Алайда осының бәрі қазір зая кетті деп ашулы. Өйткені Жанар биыл алған дипломымен білімін жалғастыру үшін басқа оқу орнына құжат тапсырып көрген. Ондағылар "Ақмешіт" институты берген дипломның жарамсыздығын айтып, құжаттарын қабылдамай қойған. ЖАНАР АЙТМҰРАТ, түлек: – Даже біз диплом алып тұрғанда кураторымыз айтқан жоқ, сіздерде тіркеу номері жоқ, жұмысқа не оқуға қабылдамай қалуы мүмкін. Сот жұмыстары жүргізіліп жатыр сәл күте тұрыңыздар деген жоқ. Жанар Айтмұрат секілді биыл дәл осы "Ақмешіт" институтының дипломымен не жұмысқа, не басқа оқу орнына бара алмай әуреге түскен 399 түлек бар. Айтуларынша, бұл мәселе дипломдарына сәйкестендіру нөмірі жазылмай, соның салдарынан ұлттық білім беру жүйесіне тіркелмегендіктен туындапты. АСХАТ МҰҚАНОВ, түлек: – Бізде бүкіл студент осындай диплом алды жарамсыз деген. Күте тұр деп келе жатыр. Күткенімізге уже екі айдан асты. Бізде уақыт шектеулі басқа оқу орнына түсуіміз керек. Ал Білім және ғылым министрлігі тексеріс барысында дәл осы оқу орнында кей заңнамалардың өрескел бұзылғанын анықтаған. Студенттерге білім беру үшін институттың материалдық-техникалық жағдайы жарамайтынын, тіпті оқытушылардың білім деңгейі сай емес деген қорытынды жасаған. Сондықтан министрлік оқу орнын бас лицензиясынан айырған. Ал түлектерге биыл берген дипломдарының жарамсыз болып қалуына, бұл мәселенің қатысы жоқ дейді институт басшылығы. АЙГҮЛ ӘЛІБЕКОВА, "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры: – Бұл мәселе туындап тұрған маусымның 7-сінде білім саласындағы заңға сәйкес 17-маусымда күшіне енді. Яғни, әрбір оқу орны QR коды, серия номері беріледі деп. Ал біздің диплом оған дейін берілген. Заңға сәйкес біз берген диплом заңды деп есептейміз. Қазір жарамсыз дипломның жырына құзырлы органдар араласыпты. Алайда түлектер бұл мәселе сағызша созылып кетті деп қынжылады. Ал "Ақмешіт" институтының ұжымы лицензияларын кері қайтару үшін сотқа жүгініп жатыр. Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жарамсыз_диплом #Ақмешіт
Похожие видео
Показать еще