Берген уәде жайына қалды! Жеті жыл бұрын ақша салған үлескерлер үйлеріне әлі кіре алмай жүр HD

06.06.2022
Қарағандыда 300-ден астам үлескер жеті жыл бұрын ақша салған үйлеріне әлі күнге дейін кіре алмай жүр. Өйткені құрылыс компаниясы 2019 жылы қолданысқа беруі тиіс үйді әлі салып бітпеген. Күдер үзген үлескерлер ақыры жан-жақта пәтер жалдап жүр. Ал барар жер, басар тауы қалмаған елуден астам тұрғын құрылысы аяқталмаған үйге қоныстануға мәжбүр болған. Олар шатыры орнатылмақ түгілі, кірпіштері де толық қаланып бітпеген көпқабатты үйде тұру қауіпті дейді. Сондықтан, келісімшартты бұзған компаниядан үйлерін тез арада салып беруді талап етті. Ал қаржылық қиындықтарды сылтауратқан құрылыс компания өкілі бұл жолы да тұрғындарға уәдені үйіп-төкті. Жиырма қабатты бұл үйдің құрылысы осыдан үш жыл бұрын аяқталып, қолданысқа берілуі керек болған. Бірақ құрылыс компаниясы келісімшартта көрсетілген мерзімді бұзып, құрылысты сағызша созды дейді тұрғындар. Төзімдері таусылған жұрт, ақыры толық салынып бітпеген үйге көшіп келген. Алайда, комфорт санатына жататын үйлерінің шатыры жабылмаған, жеделсаты, кіреберістері де жасалмаған күйде тұр екен. ӘЙГЕРІМ САТЫБАЛДЫ, тұрғын: – Подъездердің бәрі быт-шыт жұмыстары істелінбеген. Лифтлардың бәрі ашық. Крыша бәрі ашық, мына төртінші блокта бізде бомждар тұрады. Комфортный домда бомждар тұрады. ЖАНАР ДӘУЛЕНОВА, тұрғын: – Бір ғана лифт бар пассажирский и то ол шатается. Балам жалғыз өзі көтерілгенде анау дірілдегенде үйге жылап келеді. Қай күні құлап кетеді екен деп, осы Алладан тілейміз. Өтінеміз уже, басқаша сөз жоқ мына үйді хотя бы бір нормальный видқа келтіріп берсін. Компания басшылығы құрылысты екі себептен тоқтаттық дейді. Айтуларынша, жергілікті билік өкілдері салып жатқан үйлерін талапқа сай емес деп сотқа берген, кейін құрылысты тоқтатқан. Ал жұмысты қайта жалғастырайын десек, құрылыс материалдары қымбаттап қолбайлау болды дейді. АЙДОС МҰҚАТАЕВ, «Eurasia Building» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры: – Жалпы тек қана құрылыс заттарының қымбаттауы ғана емес . Қаржы мәселесі. Және бұл үй салып жатқанда сот шешімін біз тостық. Сот шешемі дұрыс шешімге келгеннен кейін біз жұмысты бастаймыз. Ал әкімдік өкілдері бұл дауға араласа алмайтынын жеткізді. Сондықтан тұрғындарға тек сотқа жүгінуге кеңес берді. ТАЙХАН ҚАЛМАХАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары: – Бұл мәселені бұрыннан білеміз. Бұл жерде тікелей компания жауапты. Олар қаржылық қиындықтарға тап болды. Бірақ біз компания басшысына бұрынғы кем-кетіктерді жөндеп, құрылысты тез аяқтауды ескерттік. Компания құрылысты аяқтау үшін несие алмақ. Бірақ банк әзірге қаржыландыруға келісім бермепті. Соған қарамастан, үш айдан кейін құрылысты толық аяқтаймыз деп тұрғындарға тағы да уәде берді. Диана Сапарқызы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #үлескерлер

Похожие видео

Показать еще