Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов пен оның орынбасары О. Әбішевке қатысты сот үкімі шықты HD

28.10.2022
Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шықты. Осылайша екі жылға созылған қылмыстық істің соңғы нүктесі қойылды. Бүкіл Қазақстан бақылаған аты шулы сот отырысына елордалық әріптесім Айжан Шамшидин де қатысты. Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотында өткен сот отырысына көп адам жиналды. Барлығы бұрынғы денсаулық сақтау министрі мен оның орынбасарын қолдауға келген туыстары мен жақындары, қарапайым халық. Ал судья Ибрагим Әлкенов екі айыпталушыны да санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген айып бойынша толықтай ақтады. Осы мезетте өре түрегеліп қуанған халықтың қуанышы су сепкендей басылды. Себебі судья, «коронавирус пандемиясы кезінде ақпараттық платформа жасау үшін бөлінген мемлекет қаражатын талан-таражға салды» деген екінші айып бойынша, Елжан Біртановті бес жылға, оның орынбасары Олжас Әбішевті төрт жылға шартты түрде соттады. ИБРАГИМ ӘЛКЕНОВ, № 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы: — Біртановті Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп табылып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Ал оның орынбасары Олжас Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіленсін. Екі эпизод бойынша айып тағылған шенеуніктер кінәларын мойындамады. Бүгін де сот үкімі оқылғаннан кейін сотталушылар үкіммен келіспейтіндерін, соңына дейін күресетіндерін жеткізді. Ал үкімге түсінік берген судья Біртанов пен Әбішев пробациялық бақылауда болатынын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылатынын айтты. Сондай-ақ, бұрынғы министрге 2018 жылы берілген «Құрмет» ордені қайтарылып алынатын болды. Және алдағы үш ай ішінде екі сотталушы Денсаулық сақтау министрлігіне бір млрд 350 мың теңге өтемақыны теңдей бөліп өндіріп берулері керек. ЕЛЖАН БІРТАНОВ, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі (2017-2020 жж): — Біз ондай ақшаны қалтамызға салған жоқпыз. Себебі біз бірде бір тиын ондай алған жоқпыз. Қажетті ақпарттың барлығы бар. Бұл қаражаттың барлығы "Ериксон Тесла" компаниясынң шотына түсті. Эмоцияға жол жоқ. Тек заң жүзінде. Тек алға. Біз жеңілген жоқпыз. Мен айтайын, біздің ойымызша біз жеңіске жеттік. Айта кетейік, 2020 жылдың 25 маусымында қызметінен кеткен Біртанов сол жылдың 3 қарашасында ұсталды. Содан бері үй қамақта. Экс-министр «мемлекет ақшасын жымқырды» деп айыпталды. Ал тергеу аяқталар тұста бап «лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды» деп өзгертілді. Ал, оның орынбасары болған Олжас Әбішев те «билігін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінді. Сот залынан көтеріңкі көңіл күймен шыққан Елжан Біртанов, Конститутциялық сотқа, қажет деп тапса халықаралық соттарға да шағымданатын жеткізді. Қазір медициналық жеке компанияда қызмет атқарып, отбасын асырап жүр. Ал Олжас Әбішев болса үкімді ести сала сот залынан кетуге асықты. Сұхбат беруден бас тартты. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар

Похожие видео

Показать еще