Біртановқа кімдер қысым жасаған? HD
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары бүгін экс-шенеуніктің қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ деп, судьядан оны босатуын сұрады. Үйқамақ мерзімін алып тастауды сұрап, аппеляциялық шағым түсірген адвокаттар Біртанов шетелге қашып кетеді екен деп күдіктенетуге ешқандай негіз жоқ екенін айтты. Адвокат Дмитрий Круяченконың айтуынша Елжан Біртановтың туысы Есжан Біртанов 20 жылға жуық Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істегенімен, Австрияда мүлкі тіркелмеген. Шетелге қашып кетуі мүмкін деп күдіктенген тергеушілердің Қазақстаннан өзге аймақта Біртановтың немесе туыстарының мүлкі бар екенін растайтын құжаттарды айғақ ретінде көрсетпегенін мысал қылды. Адвокаттар бүгін судьяға Біртановқа қатысты тергеу амалдары басталғалы тергеушілердің "тағылған кінәні мойындамасаң, мүлдем қиын болады" деп, қысым көрсеткенін де айтып берді. Прокурорлар 7 сәуірде Санавиацияға қатысты тергеу амалдарына да, сондай-ақ, министр болған кезінде "дәрілік заттардың бағасын негізсіз көтерді" деп те жауапқа тартпақ болған. Күдікті ретінде тергеліп жатқан Елжан Біртанов бүгін судьяға жұмысқа тұрғанын, таңғы сегізден кешкі жетіге дейінгі аралықта ешқандай заң бұзбағанын мәлімдеді. БІрақ судья Біртановтың үй қамақ мерзімін жеңілдетуді сұраған адвокаттардың аппеляциясына қатысты сот үкімін өзгертпеу туралы шешім шығарды. Яғни, Біртанов 14 маусымға дейін үйқамақта отырады. ДМИТРИЙ КУРЯЧЕНКО, адвокат: – Никола Тесла компаниясының Қазақстандағы денсаулық сақтау саласына енгізген платформасына 3 миллион 800 мың доллар бөлінген. Ал, тергеушілер 6 миллион 800 мың доллар жымқырды деген күдікке алып отыр. Дәл сол платформа енгізілген тұста Біртанов коранавируспен ауырып жатқан еді. Ол жобаға Біртанов жетешілік те етпеген, ешқандай шарттарға, құжаттарға қол қоймаған. Сондықтан, күдікті Біртановты босатуыңызды сұраймын! Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ЕлжанБіртанов #сот #пандемия #ДСМ #экс_министр
Похожие видео
Показать еще