ЭКС-МИНИСТР ЕЛЖАН БІРТАНОВҚА ТАҒЫ БІР АЙЫП ТАҒЫЛДЫ HD

14.05.2021
Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ең қызығы, жаңа айыптың бұрынғыға еш қатысы жоқ. Мәселе мынада: былтыр коронавирус жұқтырған кезде Біртанов басқа Үкімет мүшелерімен бірге Таразда іс-сапарда болған. Экс-министр астанаға делегациямен бір бортта емес, бөлек санавиация ұшағымен оралған. Осылайша, ол бюджет ақшасын жөнсіз шашты деген күдікке ілінді. Бұрынғы министрдің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев тағылған жаңа айыппен келіспейді. Сөзінше, Біртанов өзге делегация мүшелеріне вирус жұқтырмау үшін басқа ұшаққа отырған, ал Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін бірден жедел жәрдеммен инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ Біртановтың адвокаттары соттың үй қамағын ұзарту туралы қаулысына шағым түсірді. Олар бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған. Алайда, сот аппеляциялық шағымды қабылдамай, шешімін өзгертпеді. Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Біздің сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ https://inbusiness.kz/ru/tv - Бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық тұңғыш "Atameken Business" арнасының Онлайн көрсетілімі. Эфирде сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжамдар, мамандардың түсініктемесі, сараптамалық тұрғыдағы пікірлері мен көзқарастары. Atameken Business қонақтары бұл өз саласының жетекші мамандары, бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері. Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/inbusinesskz Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Наш сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/ atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/abctvkz https://inbusiness.kz/ru/tv - Онлайн трансляция первого казахстанского мультимедийного канала новостей бизнеса - "Atameken Business" Смотрите в эфире аналитические программы, прогнозы развития и поведения рынков, комментарии специалистов и экспертные оценки. Гости Atameken Business это ведущие эксперты своих областей – бизнесмены, руководители предприятий, представители государственных органов, лидеры общественного мнения #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Похожие видео

Показать еще