Экс-министр Елжан Біртановтың үй қамақтағы уақыты тағы екі айға созылды HD
Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған соты экс-министр Елжан Біртановтың үй қамақтағы уақытын тағы екі айға созды. Сөйтіп, судья осымен жетінші рет мерзімді ұзарту туралы шешім қабылдап отыр. Енді күдікті 14 қарашаға дейін үйінде отырады. Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамағындағы уақыты аяқталуы керек еді. Бірақ мемлекеттік айыптаушы соттан бұл жолы да «күдікті іс материалдарымен толық танысуы үшін мерзімді екі айға ұзартуды» сұрады. Ал экс-шенеунік пен адвокаттары қарсылықтарын білдіріп, созуға еш негіз жоқ деді. Тіпті Елжан Біртанов істің ақ-қарасы анықталғанша тергеуден қашпайтынын және ешкімге қысым көрсетпейтінін айтты. Әрі, том-том материалмен бостандықта жүріп-ақ танысуға болады деді ол. Сол үшін үй қамағынан босатуды өтінді. Айта кетейік, бюджетке 1,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірді деп күдікке іліккен экс-министр былтырғы жылдың 7 қарашасынан бері, яғни тоғыз айдан бері үй қамақта отыр. Ал биыл 2 шілдеден бастап ол «қызметтік мансабын асыра пайдалану» бабы бойынша тағы күдікке ілінді. Алайда Біртанов өзіне тағылған айыптың бірде-бірін мойындамады. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ЕлжанБіртанов #ҮйҚамақ #арест #экс_министр
Похожие видео
Показать еще