Экс-министр Елжан Біртановтың үй қамақтағы мерзімі тағы 30 күнге созылды HD
Сегіз айдан бері үй қамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамақтағы мерзімі тағы 30 күнге созылды. Және бұрынғыдай таңертеңгі сегізден кешкі жетіге дейін жұмысқа бара алады. Соттың осы отырысында Біртановтың адвокаты қажет болса бұл іске қатысты куәгер ретінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырту туралы ұсыныс берген. Бірақ судья қорғаушылардың бұл сұранысын қанағаттандырмады. Еске сала кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды және мемлекетке 526 миллион теңге шығын әкелді деп күдікке алынған болатын. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ЕлжанБіртанов #тергеу #үй_қамақ
Похожие видео
Показать еще